О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра культуры и информации Республики Казахстан от 25 мая 2007 года № 154 "Об утверждении Правил доступа к музейным экспонатам и музейным коллекциям, находящимся в хранилище музея"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра культуры и информации Республики Казахстан от 25 мая 2007 года № 154 "Об утверждении Правил доступа к музейным экспонатам и музейным коллекциям, находящимся в хранилище музея"
- Атауы (қаз.)
- "Мұражайдың сақтау қоймасындағы мұражай жәдігерлері мен мұражай коллекцияларына қол жеткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің мiндетiн атқарушының 2007 жылғы 25 мамырдағы № 154 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 190
- Қабылданған күні
- 14.08.2013
- Көрсетілген редакция
- 14.08.2013 AI74476_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.08.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1300008706
- ЭКБ идентификаторы
- 74476
- Редакция идентификаторы
- AI74476_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:30
0 "Мұражайдың сақтау қоймасындағы мұражай жәдігерлері мен мұражай коллекцияларына қол жеткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің мiндетiн атқарушының 2007 жылғы 25 мамырдағы № 154 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы
«Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 25-бабы 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Мұражайдың сақтау қоймасындағы мұражай жәдігерлері мен мұражай коллекцияларына қол жеткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің мiндетiн атқарушының 2007 жылғы 25 мамырдағы № 154 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4725 тiркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлер жинағында, 2007 жылы, шілдеде жарияланған) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
кiрiспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 25-бабы 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Мұражайдың сақтау қоймасындағы мұражай жәдігерлері мен мұражай коллекцияларына қол жеткізу ережесiндегi:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы мұражайдың сақтау қоймасындағы мұражай жәдігерлері мен мұражай коллекцияларына қол жеткізу ереже «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 25-бабына сәйкес әзірленген және мұражайдың қор сақтамасындығы мұражай жәдігерлері мен мұражай коллекцияларына қол жеткізу тәртібін белгілейді (әрі қарай - Ереже).»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сақтау қоймасының әрбір ашылуы қор сақтаушының қол қоюымен ашу мақсаты көрсетіле отырып тігілетін, нөмірленетін, жауапты тұлғаның қолы қойылатын, мұражайдың мөрімен бекітілетін арнайы журналда белгіленеді.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қайта жаңғыртушылар мұражайдың сақтау қоймасына қайта қалпына келтiрудi талап ететiн мұражай жәдiгерлерi мен мұражай коллекцияларын анықтау мақсатында ғана кiру құқығы бар. Мұражай жәдiгерлерi мен мұражай коллекцияларын қайта жаңғырту жұмыстарына қабылдау-беру және оларды қайта жаңғырту жұмыстарынан алу осы Ереженiң 2-қосымшасында берілген формаға сәйкес актiлерімен рәсiмделедi.»;
1-қосымша осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2-қосымша осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Мәдениет комитетi:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;
2 2) осы бұйрықты белгiленген тәртiппен ресми жариялауды;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсiн.
3 3. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi.
1 Мұражай iшiндегi алу-беру АКТIСI «___» _________ 20__ ж. № _____
Мұражайдың сақтау қоймасындағы
мұражай жәдiгерлерi мен мұражай
коллекцияларына қол
жеткiзу ережесiне
1-қосымша
Нысан
______________________________________________________
(Мұражайдың атауы)
Мұражайдың бас қор сақтаушысы
_______________________________
«___» _____________ 20___ж.
Мұражай iшiндегi алу-беру АКТIСI «___» _________ 20__ ж. № _____
Біз, төменде қол қойғандар __________________________________________
_____________________________________________________________________
(Мұражайдың бас қор сақтаушысы, қор сақтаушы, Т.А.Ә.)
тапсырды ____________________________________________________________
(тұлғаның атауы, Т.А.Ә.)
төмендегi мұражай жәдiгерлерi мен (немесе) мұражай коллекцияларын
материалдық жауапкершiлiкті сақтауға уақытша қабылдап алды:
Түсiм кiтабы бойынша № инвентарлық № (түсiм кiтабының нөмiрi болмаған жағдайда)
Атауы және қысқаша сипаттамасы
Материалы, техникасы
Өлшемi, салмағы бағалы металдар үшiн
Сақталуы
Ескерту
Берiлу мақсаты: _____________________________________________________
Негiзi: _____________________________________________________________
Берген: _____________________________________________________________
Материалдық жауапкершiлiктi сақтауға уақытша қабылдап алды: _________
Қатысқандар: ________________________________________________________
2 Мұражай жәдiгерлерi мен (немесе) мұражай коллекцияларын қайта жаңғыртуға қабылдау-беру АКТIСI «___» _________ 20__ ж. № _____
Мұражайдың сақтау қоймасындағы
мұражай жәдiгерлерi мен мұражай
коллекцияларына қол
жеткiзу ережесiне
2-қосымша
Нысан
_____________________________________________________
(Мұражайдың атауы)
Мұражайдың бас қор сақтаушысы
_______________________________
«___» _____________ 20___ж.
Мұражай жәдiгерлерi мен (немесе) мұражай коллекцияларын қайта жаңғыртуға қабылдау-беру АКТIСI «___» _________ 20__ ж. № _____
Бiз, төменде қол қойғандар, _________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(тұлғаның атауы, Т.А.Ә.)
қайта жаңғыртуды қажет ететiн мұражай жәдiгерлерi мен (немесе)
мұражай коллекцияларын өткiзгендiгi, ал _____________________________
_____________________________________________________________________
(қайта жаңғыртушы/лар, Т.А.Ә.)
қайта жаңғырту жүргізу мақсатында төмендегi мұражай жәдiгерлер
мен (немесе) мұражай коллекцияларын материалдық жауапкершiлiкті
сақтауға уақытша қабылдап алғандығы туралы осы актi жасалды:
№ р/с
Инв. №
Атауы
Сақталуы
Ескерту
Барлығы осы актi бойынша ____________ дана өткiзiлдi (сақтау бiрлiгi)
Өткiздi______________________________________________________________
Материалдық жауапкершiлiктi сақтауға уақытша қабылдап алды __________
Нысан
_____________________________________________________
(Мұражайдың атауы)
Мұражайдың бас қор сақтаушысы
_______________________________
«___» _____________ 20___ж.
Қайта жаңғыртылған мұражай жәдiгерлерi мен (немесе) мұражай коллекцияларын қабылдау-беру АКТIСI «___» _________ 20__ ж. № _____
Бiз, төменде қол қойғандар, қор сақтаушылар _________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(тұлғаның атауы, Т.А.Ә.)
қайта жаңғыртылған мұражай жәдiгерлерi мен (немесе) мұражай
коллекцияларын қабылдап алғандығы, ал қайта жаңғыртушы/лар __________
_____________________________________________________________________
(Т.А.Ә.)
төмендегi мұражай жәдiгерлерi мен (немесе) мұражай
коллекцияларын қайта жаңғыртылудан өткiзгендiгi туралы осы актiнi жасалды:
№ р/с
Инв. №
Атауы
Қайта жаңғырту жұмыстарының түрлерi
Ескерту
Өткiздi_______________________ Қабылдап алды ___________________
Қайта жаңғыртылған мұражай жәдiгерлерi және (немесе) мұражай
коллекциялары қайта жаңғырту жұмыстарынан соң қайтарып алынды.
«_____» __________ 20_____жыл.
Қор сақтаушының қолы_____________