Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 мая 2007 года № 419

Қаулы · № 318 · қабылданған 15.04.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2007-no-419-ekb-51727/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 мая 2007 года № 419 Күшін жойған Қаулы ·№ 318 ·15.04.2010
01.02.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.02.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 мая 2007 года № 419

Күшін жойған Қаулы ·№ 318 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 мая 2007 года № 419
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 мамырдағы № 419 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
318
Қабылданған күні
15.04.2010
Көрсетілген редакция
01.02.2013 AI51727_2.kaz
Соңғы өзгеріс
01.02.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P100000318_
ЭКБ идентификаторы
51727
Редакция идентификаторы
AI51727_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:28

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 мамырдағы № 419 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті лицензиялау және оған қойылатын біліктілік талаптары мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 мамырдағы № 419 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 16, 185-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесінде:
2-тармақта:
төртінші абзацтағы «тұлға.» деген сөз «тұлға;»; деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«уәкілетті органның біліктілік емтиханынан өткені туралы шешімі - бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер адамның біліктілік емтиханынан өткенін растайтын құжат.»;
9 және 10-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
«9. Жеке тұлғалар лицензия алу үшін лицензияларға мынадай құжаттарды:
1) белгіленген үлгідегі өтінішті;
2) мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және/немесе зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты;
3) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
4) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары берген дипломдардың көшірмелерін не Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде немесе халықаралық шарттарда (келісімдерде) көзделген тәртіппен және шарттарда шет мемлекеттің Қазақстан Республикасында танылатын дипломдарының көшірмелерін;
5) мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және/немесе зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау (егер оның болуы біліктілік талаптарында көзделсе) бойынша арнайы дайындықтан өткенін растайтын құжаттардың көшірмелерін;
6) уәкілетті органның біліктілік емтиханынан өткені туралы шешімінің көшірмесін ұсынады.
Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары салыстыру үшін берілмеген жағдайда жеке тұлғалар құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін ұсынады.
Құжаттарды өтініш берушінің өзі немесе оның уәкілетті өкілі сенімхат бойынша ұсынған жағдайда құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейін өтініш берушіге қайтарылады.
10. Заңды тұлғалар лицензия алу үшін лицензиарға мынадай құжаттарды:
1) белгіленген үлгідегі өтінішті;
2) мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және/немесе зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты;
3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін. Шетелдік заңды тұлға үшін - шетелдік заңды тұлғаның шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылатынын растайтын құжаттың көшірмесін;
4) мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және/немесе зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы (-лары) бар жеке тұлғалардың тізімін және олардың негізінде өтініш беруші заңды тұлғамен еңбек қатынастарында тұрған құжаттардың көшірмесін ұсынады.
Осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген құжаттың түпнұсқасы салыстыру үшін берілмеген жағдайда заңды тұлғалар құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынады.
Құжаттарды өтініш берушінің өзі немесе оның уәкілетті өкілі сенімхат бойынша ұсынған жағдайда құжаттың түпнұсқасы салыстырғаннан кейін өтініш берушіге қайтарылады»;
14-тармақтағы «отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін - » деген сөздер алып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 15 сәуірдегі
№ 318 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 25 мамырдағы
№ 419 қаулысымен
бекітілген
Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары

1 1. Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия біліктілік деңгейі осы талаптарға сәйкес келетін өтініш берушіге беріледі.

2 2. Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары:

1 1) «бағалау» мамандығы бойынша жоғары білімінің және (немесе) жоғары экономикалық немесе техникалық білімінің болуы;

2 2) жоғары экономикалық және (немесе) техникалық білімі бар тұлғалар үшін мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бойынша арнайы даярлықтан өтуі;

3 3) Бағалау қызметі жөніндегі біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханынан өтуі.

3

3. Заңды тұлғаның штатында мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар не заңды тұлғаның директорын қоса алғанда, не осы заңды тұлға негізгі жұмыс орны болып табылатын кемінде екі қызметкері болған кезде заңды тұлға мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алады.

10 Зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 15 сәуірдегі
№ 318 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 25 мамырдағы
№ 419 қаулысымен
бекітілген
Зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары

1 1. Зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия біліктілік деңгейі осы талаптарға сәйкес келетін өтініш берушіге беріледі.

2 2. Зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары:

1 1) «бағалау» мамандығы бойынша жоғары білімінің және (немесе) жоғары экономикалық немесе техникалық білімінің болуы;

2 2) жоғары экономикалық және (немесе) техникалық білімі бар тұлғалар үшін зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау бойынша арнайы даярлықтан өтуі;

3 3) Бағалау қызметі жөніндегі біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханынан өтуі.

3

3. Заңды тұлғаның штатында зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар не заңды тұлғаның директорын қоса алғанда, осы заңды тұлға негізгі жұмыс орны болып табылатын кемінде екі қызметкері болған кезде заңды тұлға зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алады.

Қолданыстағы