Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 мая 2007 года № 419

Қаулы · № 552 · қабылданған 20.05.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2007-no-419-ekb-58941/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 мая 2007 года № 419 Күшін жойған Қаулы ·№ 552 ·20.05.2011
01.02.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.02.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 мая 2007 года № 419

Күшін жойған Қаулы ·№ 552 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 мая 2007 года № 419
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 мамырдағы № 419 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
552
Қабылданған күні
20.05.2011
Көрсетілген редакция
01.02.2013 AI58941_2.kaz
Соңғы өзгеріс
01.02.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1100000552
ЭКБ идентификаторы
58941
Редакция идентификаторы
AI58941_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:19

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 мамырдағы № 419 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті лицензиялау және оған қойылатын біліктілік талаптары мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 мамырдағы № 419 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 16, 185-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесінде:

9-тармақта:
5) тармақшадағы «арнайы дайындықтан» деген сөздер «тағылымдамадан» деген сөзбен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «көшірмесін ұсынады.» деген сөздер «көшірмесін;» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) бүкіл республика бойынша мәліметтерді көрсетіп, лицензиарға тапсырғанға дейін кемінде бір ай бұрын өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша берілген соттылығының жоқ екендігі туралы анықтаманы ұсынады.»;
20, 21-тармақтар алып тасталсын;
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Лицензиаттар лицензияның жоғалғаны туралы лицензиарға бір ай мерзімде хабарлайды.»;
мынадай мазмұндағы 24-1-тармақпен толықтырылсын:
«24-1. Лицензиат лицензияның қолданылуын тоқтатқан кезде 10 жұмыс күні ішінде лицензиарға лицензияны қайтарады.»;
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«28. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.»;

2 2) көрсетілген қаулымен бекітілген мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарында:

2-тармақтың 2) тармақшасындағы «арнайы даярлықтан» деген сөздер «тағылымдамадан» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия:
1) заңда белгіленген тәртіппен соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;
2) белгіленген тәртіппен әрекет қабілеті шектеулі немесе әрекетке қабілетсіз деп танылған;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензиясының қолданылуы тоқтатылған адамға берілмейді.»;
3-тармақта «осы заңды тұлға негізгі жұмыс орны болып табылатын» деген сөздер алып тасталсын;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарында:
2-тармақтың 2) тармақшасындағы «арнайы даярлықтан» деген сөздер «тағылымдамадан» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия:
1) заңда белгіленген тәртіппен соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;
2) белгіленген тәртіппен әрекет қабілеті шектеулі немесе әрекетке қабілетсіз деп танылған;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензиясының қолданылуы тоқтатылған адамға берілмейді.»;
3-тармақтағы «осы заңды тұлға негізгі жұмыс орны болып табылатын» деген сөздер алып тасталсын.

2 2. Осы қаулы ресми жариялағанынан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

Қолданыстағы