Құжат мәтініне өту

О внесении дополнения в приказ и.о. Министра образования и науки Республики Казахстан от 25 декабря 2007 года № 651 "Об утверждении Типовых правил приема в организации образования, реализующие общеобразовательные учебные программы начального, основного среднего и общего среднего образования"

Бұйрық · № 399 · қабылданған 28.07.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2007-no-651/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении дополнения в приказ и.о. Министра образования и науки Республики Казахстан от 25 декабря 2007 года № 651 "Об утверждении Типовых правил приема в организации образования, реализующие общеобразовательные учебные программы начального, основного среднего и общего среднего образования" Күшін жойған Бұйрық ·№ 399 ·28.07.2010
15.01.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.01.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнения в приказ и.о. Министра образования и науки Республики Казахстан от 25 декабря 2007 года № 651 "Об утверждении Типовых правил приема в организации образования, реализующие общеобразовательные учебные программы начального, основного среднего и общего среднего образования"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 399 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнения в приказ и.о. Министра образования и науки Республики Казахстан от 25 декабря 2007 года № 651 "Об утверждении Типовых правил приема в организации образования, реализующие общеобразовательные учебные программы начального, основного среднего и общего среднего образования"
Атауы (қаз.)
"Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 651 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
399
Қабылданған күні
28.07.2010
Көрсетілген редакция
15.01.2013 AI54409_2.kaz
Соңғы өзгеріс
15.01.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V100006425_
ЭКБ идентификаторы
54409
Редакция идентификаторы
AI54409_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:40

0

"Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 651 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 651 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5111 тіркелген, «Заң газетінің» 2008 жылғы 28 тамыздағы № 131 (1531) санында жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгі ережесі мынадай мазмұндағы 5-тараумен толықтырылсын:
«5. Дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарына (қазақ-түрік лицейлеріне) қабылдау ерекшеліктері
17. Дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарына (қазақ-түрік лицейлеріне) (бұдан әрі - ҚТЛ) алтыншы сыныпты бітірген балаларды қабылдау конкурстық негізде түсу емтихандарының нәтижесі бойынша жүзеге асырылады. ҚТЛ басшылары оқуға түсушілерді, олардың ата-аналарын немесе өзге де заңды өкілдерін қабылдау ережелерімен, жарғымен және ҚТЛ-де білім беру процесінің ұйымдастырылуын реттейтін басқа да құжаттармен таныстыруы қажет.
18. Оқушыларды қабылдауды ұйымдастыру және түсу емтихандарын өткізу мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігімен 2003 жылғы 17 наурызда Астана қаласында жасалған «Қазақстан Республикасындағы қазақ-түрік оқу орындарының білім беру саласындағы ынтымақтастығы туралы келісім» шеңберінде әрекет ететін «KATEV» Халықаралық Қоғамдық Қоры құрған орталық қабылдау комиссиясы жасақталады.
19. Жергілікті жерлерде түсу емтихандарын өткізу және емтихан парақтарын орталық қабылдау комиссиясына жіберу үшін ҚТЛ басшылары үш педагогтен тұратын жергілікті қабылдау комиссиясын құрады.
20. ҚТЛ-ге түсу емтихандары екі кезеңнен тұрады:
бірінші кезең – тестілеу нысанында өткізіледі және жетінші сыныпқа дейінгі математика курсы бойынша бағдарламалық материалдардан және логика бойынша сұрақтардан тұрады. Сұрақтардың жалпы саны - 60. Тестілеу оқушының таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде өткізіледі. Тестілеуге 1 сағат 40 минут беріледі.
екінші кезең – психологиялық–талдамалық тест. Түсу емтихандарының екінші кезеңінде оқушылар ҚТЛ интернаттарында 5-8 күн тұрады және олардың ұжымдық ортаға бейімделуін тексеретін және оқу материалын қабылдау деңгейін анықтайтын математика, қазақ, түрік және ағылшын тілдері бойынша курстарға қатысады.
21. Жергілікті комиссия бірінші кезеңнің қорытындылары бойынша тестілеу нәтижелерін конкурс (рейтинг) бойынша ең жоғарғы балл жинаған екінші кезеңге өтетін оқушылардың санын анықтайтын орталық қабылдау комиссиясына жібереді.
Бір сыныпты (25 адам) жинау кезінде екінші кезеңге 40-тан аспайтын оқушы шақырылады, ал екі (50 адам) немесе үш (75 адам) сынып жинау кезінде екінші кезеңге тиісінше 80-нен немесе 120-дан аспайтын оқушы шақырылады.
Екінші кезеңнің қорытындылары бойынша жергілікті комиссия әр сынып үшін хаттама жазып, оларды қабылдау туралы шешім шығару үшін орталық қабылдау комиссиясына жібереді.
22. Әрбір кезеңнің нәтижесі олар өткізілгеннен кейін он бес күнтізбелік күн өткен соң жарияланады. Қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда оқушы апелляцияға бере алады. Апелляция нәтижелер жарияланғаннан кейін төрт күнтізбелік күн ішінде беріледі және апелляциялық комиссиямен қаралады.
23. Түсу емтихандарының қорытындылары бойынша орталық қабылдау комиссиясы лицейге ең жоғары балл жинаған және ҚТЛ басшыларының бұйрықтарымен бекітілген ҚТЛ-ге қабылдау құқығына ие болған оқушылар тізімін жолдайды.».

2 2. Мектепке дейінгі және жалпы орта білім департаменті (Н. Аршабеков):

1 1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2 2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4 4. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы