Құжат мәтініне өту

Об утверждении Протокола о внесении изменений и дополнений в Соглашение о сотрудничестве в области физической культуры и спорта государств-участников Содружества Независимых Государств от 25 мая 2007 года

Қаулы · № 1677 · қабылданған 25.12.2012
Заңдық күші: Қолданыста · 02.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2007/on/2026-09-02/
Басып шығарылды 2026-09-02 · adilet.kz
Об утверждении Протокола о внесении изменений и дополнений в Соглашение о сотрудничестве в области физической культуры и спорта государств-участников Содружества Независимых Государств от 25 мая 2007 года Қолданыста Қаулы ·№ 1677 ·25.12.2012
25.12.2012 редакциясы
02.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Протокола о внесении изменений и дополнений в Соглашение о сотрудничестве в области физической культуры и спорта государств-участников Содружества Независимых Государств от 25 мая 2007 года

Қолданыста Қаулы ·№ 1677 · 02.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Протокола о внесении изменений и дополнений в Соглашение о сотрудничестве в области физической культуры и спорта государств-участников Содружества Независимых Государств от 25 мая 2007 года
Атауы (қаз.)
2007 жылғы 25 мамырдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1677
Қабылданған күні
25.12.2012
Көрсетілген редакция
25.12.2012 AI69650_0.kaz
Соңғы өзгеріс
25.12.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200001677
ЭКБ идентификаторы
69650
Редакция идентификаторы
AI69650_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:11

0 2007 жылғы 25 мамырдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған 2012 жылғы 30 мамырда Ашхабад қаласында жасалған 2007 жылғы 25 мамырдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама бекітілсін.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 2007 жылғы 25 мамырдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1677 қаулысымен
бекітілген
2007 жылғы 25 мамырдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын 2007 жылғы 25 мамырдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімге (бұдан әрі – Келісім) қатысушы мемлекеттердің үкіметтері,
төмендегілер туралы келісті:

1 1-бап

Келісімнің 16-бабында «және осы Келісімнің 15-бабында көзделген тәртіппен күшіне енетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін» деген сөздер алынып тасталсын.

2 2-бап

Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімге қатысушылардың Дене шынықтыру және спорт жөніндегі кеңесі туралы ережеге (бұдан әрі – Ереже) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1 1. Ереженің І бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

«I Жалпы ережелер

1.1

1.1. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімге қатысушылардың Дене шынықтыру және спорт жөніндегі кеңесі (бұдан әрi – Кеңес) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімді (бұдан әрі – Келісім) іске асыру, Келісімге қатысушылардың халықаралық байланыстарын кеңейту және нығайту мақсатында құрылады.
Кеңес Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы салалық ынтымақтастығының органы болып табылады және өз құзыреті шегінде Мемлекет басшыларының кеңесі, Үкімет басшыларының кеңесі, Сыртқы істер министрлерiнiң кеңесімен, ТМД экономикалық кеңесі қабылдаған шешімдердің орындалуын ұйымдастыруға және үйлестіруге бағытталған.

1.2 1.2. Кеңес өз қызметiнде Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының жарғысын, достастық шеңберінде қабылданған шарттар мен шешiмдерді, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы салалық ынтымақтастығының органдары туралы жалпы ережені және осы Ережені басшылыққа алады.

1.3 1.3. Кеңес өзінің қызметін ТМД Атқарушы комитетімен, Достастықтың басқа органдарымен, қажет болған жағдайда басқа халықаралық ұйымдардың хатшылықтарымен, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады.

1.4 1.4. Кеңес құрамына Келісімге қатысушы мемлекеттердің дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік билік органдарының басшылары кiредi.

Кеңес отырысына Кеңес мүшелерін алмастыратын адамдар жіберілген кезде, олардың өкілеттіктері расталуы тиіс.
Кеңестің құрамына кеңесуші дауыс құқығымен Кеңес хатшылығының басшысы, сондай-ақ ТМД Атқарушы комитетінің өкілі кіреді.
Келiсiмнiң әрбiр қатысушысы Кеңесте бiр дауысқа ие.

1.5 1.5. Кеңес өз қызметiнде ТМД үкіметтері басшыларының кеңесіне есеп береді.

1.6 1.6. Кеңес өз жұмысын өзі әзірлеген және бекiткен жоспарлар негiзінде ұйымдастырады.

1.7 1.7. Кеңес ТМД Атқарушы комитетіне өз қызметі туралы жыл сайын ақпарат береді.».

2 2. Ереженің ІV бөлімінде:

2.1 2.1. 4.2-тармақтың бірінші абзацындағы «бiр жылдан аспайтын мерзімге» деген сөздер «егер өзге жағдай Кеңестің шешімімен белгіленбесе, әдеттегідей бір жыл ішінде» деген сөздермен ауыстырылсын.

2.2 2.2. 4.5-тармақ «бақылаушылар ретінде» деген сөздерден кейін «қатыса алады» деген сөздермен толықтырылсын.

2.3 2.3. 4.6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Кеңес қызметін ұйымдастырушылық-техникалық және ақпараттық қамтамасыз етудi оның Хатшылығы жүзеге асырады.
Кеңес хатшылығының функциялары ТМД Атқарушы комитетінің құрылымдық бөлімшесімен бірге, басшысы Кеңесте төрағалық ететін дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік билік органының аппаратына жүктеледі.
Кеңес Хатшылығының басшысын Кеңес төрағасы тағайындайды және Кеңесте төрағалық етуші дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік билік органының өкілі болып табылады. Кеңес Хатшылығы басшысының орынбасары ТМД Атқарушы комитетінің өкілі болып табылады».

2.4 2.4. 4.7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Кеңестің кезекті отырысына Хатшылық қажеттi материалдарды дайындауды ұйымдастырады және отырысты өткізу күніне дейін кемінде екі аптадан кешіктірмей олармен Кеңес мүшелерiн қамтамасыз етеді».

3 «V Қаржыландыру

3. Ереже мынадай мазмұндағы V бөліммен толықтырылсын:
«V Қаржыландыру

5.1 5.1. Кеңес отырыстарын өткізуге байланысты шығыстар ТМД-ға қатысушы қабылдаушы мемлекеттің тиiстi мемлекеттік органдарының есебінен жүзеге асырылады.

5.2 5.2. Кеңес мүшелерін және отырысқа қатысушыларды iссапарға жiберу шығыстарын ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің жіберуші мемлекеттiк органдары мен ұйымдары жүзеге асырады.

3 3-бап

Осы хаттама депозитарийге оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы хабарлама тапсырылған күнінен бастап күшіне енеді.
2012 жылы 30 мамырда Ашхабад қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа данасы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетiнде сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке оның расталған көшiрмесін жолдайды.
Әзербайжан Республикасының Ресей Федерациясының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Д. Медведев
Армения Республикасының Тәжікстан Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Т. Саркисян өтінішпен А. Акилов
Беларусь Республикасының Түрікменстанның
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
М. Мясникович
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
К. Мәсімов
Қырғыз Республикасының Украинаның
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
О. Бабанов өтінішпен
Молдова Республикасының
Үкіметі үшін

Қолданыстағы