Құжат мәтініне өту

О ратификации Протокола о внесении изменений в Соглашение о принципах взимания косвенных налогов при экспорте и импорте товаров, выполнении работ, оказании услуг в таможенном союзе от 25 января 2008 года

Заң · № 310-IV · қабылданған 30.06.2010
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2008-ekb-53547/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О ратификации Протокола о внесении изменений в Соглашение о принципах взимания косвенных налогов при экспорте и импорте товаров, выполнении работ, оказании услуг в таможенном союзе от 25 января 2008 года Қолданыста Заң ·№ 310-IV ·30.06.2010
14.10.2014 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.10.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О ратификации Протокола о внесении изменений в Соглашение о принципах взимания косвенных налогов при экспорте и импорте товаров, выполнении работ, оказании услуг в таможенном союзе от 25 января 2008 года

Қолданыста Заң ·№ 310-IV · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О ратификации Протокола о внесении изменений в Соглашение о принципах взимания косвенных налогов при экспорте и импорте товаров, выполнении работ, оказании услуг в таможенном союзе от 25 января 2008 года
Атауы (қаз.)
2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағында тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу принциптері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
310-IV
Қабылданған күні
30.06.2010
Көрсетілген редакция
14.10.2014 AI53547_2.kaz
Соңғы өзгеріс
14.10.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z100000310_
ЭКБ идентификаторы
53547
Редакция идентификаторы
AI53547_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:52

0 2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағында тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу принциптері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

2009 жылғы 11 желтоқсанда Санкт-Петербургте жасалған 2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағында тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу принциптері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама ратификациялансын.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық Хаттаманың мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық Хаттамасының жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық Хаттамаларын тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
2008 жылғы 25 қаңтардағы
Кеден одағында тауарлардың, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудің эксперты мен импорты кезінде жанама салықтар алу қағидаттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберіндегі кеден одағына мүше мемлекеттердің үкіметтері,
2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағында тауарлардың, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудің экспорты мен импорты кезінде жанама салықтар алу принциптері туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 9-бабына сәйкес,
төмендегілер туралы келісті:

1 1-бап

Келісімнің 3-бабының бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер акциз таңбаларымен (есепке алу-бақылау таңбаларымен, белгілермен) таңбалауға жататын тауарлар бөлігінде осы мемлекеттің заңнамасында өзгеше белгіленбесе, кеден одағына қатысушы бір мемлекеттің аумағына кеден одағына қатысушы екінші мемлекеттің аумағынан тауарларды импорттау кезінде жанама салықтарды, импорттаушы мемлекеттің салық органдары салады. Кеден одағына қатысушы мемлекеттің аумағына әкелу кезінде осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес салық салуға жатпайтын тауарларды оның аумағына импорттау кезінде жанама салықтар салынбайды.
Ерекше (арнайы, еркін) экономикалық аймаққа (бұдан әрі - ЕЭА) импорттау кезінде жанама салықтарды қолдану ерекшелігі ЕЭА-ның жұмыс істеуі, ЕЭА аумағына әкелінетін тауарларға салық салу тәртібін және Тараптар арасында жасалатын еркін кеден аймағының кедендік рәсімдерін айқындау мәселелерін реттейтін халықаралық шартпен белгіленеді.

2 2-бап

Келісімнің 10-бабының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Келісім 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған халықаралық шарттардың күшіне ену, олардан шығу және оларға қосылу тәртібі туралы хаттаманың 2-бабына сәйкес күшіне енеді.

3 3-бап

Осы Хаттаманы түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты Тараптар арасындағы даулар мен келіспеушіліктер мүдделі Тараптардың консультациялары немесе келіссөздері арқылы шешіледі. Осындай консультациялар немесе келіссөздер басталған күннен бастап алты ай ішінде келісімге қол жеткізілмеген жағдайда дау мүдделі Тараптардың кез келгенінің бастамасы бойынша Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына қарауға беріледі.

4 4-бап

Осы Хаттама депозитарий дипломатиялық арналар арқылы Тараптардың осы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап күшіне енеді, бірақ Келісім күшіне енетін күннен бұрын емес.

5 5-бап

2009 жылғы 11 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды.
Осы Хаттаманың түпнұсқа данасы Кеден одағының комиссиясында сақталады, ол осы Хаттаманың депозитарий бола отырып, әрбір Тарапқа оның куәландырылған көшірмесін жібереді.

Қолданыстағы