О внесении изменения в решение от 25 декабря 2008 года № 13/103-IV "О ставках фиксированного налога"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение от 25 декабря 2008 года № 13/103-IV "О ставках фиксированного налога"
- Атауы (қаз.)
- 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 13/103-IV "Тіркелген салық ставкалары туралы" шешімге өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 41/279-IV
- Қабылданған күні
- 05.10.2011
- Көрсетілген редакция
- 24.05.2018 60879_331802.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.05.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11VB000148
- ЭКБ идентификаторы
- 60879
- Редакция идентификаторы
- 60879_331802
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:30
0 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 13/103-IV "Тіркелген салық ставкалары туралы" шешімге өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 422-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 13/103-IV «Тіркелген салық ставкалары туралы» шешімге (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2009 жылғы 26 қаңтарда № 5-2-102 болып тіркелген, 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 5 «Семей таңы» және «Вести Семей» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
қосымша жаңа редакцияда қосымшаға сәйкес жазылсын.
2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Айына салық салу бірлігіне тіркелген салық ставкалары
2011 жылғы 5 қазандағы
№ 41/279-IV шешімге
қосымша
Айына салық салу бірлігіне тіркелген салық ставкалары
Салық салу объектісінің атауы
Тіркелген салық ставкасы (айлық есептік көрсеткіш бойынша)
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы
6
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
6
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер
2
Ойын жолы
13
Карт
2
Бильярд үстелі
8
Қалалық мәслихаттың хатшысы
Қ. Мирашев