О внесении изменений в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 25 апреля 2008 года № 560 «Об утверждении Государственного списка памятников истории и культуры местного значения»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 25 апреля 2008 года № 560 «Об утверждении Государственного списка памятников истории и культуры местного значения»
- Атауы (қаз.)
- Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 25 сәуірдегі № 560 «Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 17
- Қабылданған күні
- 30.01.2020
- Көрсетілген редакция
- 12.01.2021 139373_512251.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.01.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20V0006723
- ЭКБ идентификаторы
- 139373
- Редакция идентификаторы
- 139373_512251
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 16:12
0 Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 25 сәуірдегі № 560 «Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы»
қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңының 5-бабына, 18-бабының 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 118 «Тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, мәртебе беру және мәртебесінен айыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 10992 болып тіркелген), тарихи-мәдени мұра нысандарын жергілікті маңызы бар ескерткіш мәртебесінен айыру туралы тарихи-мәдени сараптама қорытындыларына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 25 сәуірдегі № 560 «Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде нөмірі 2484 болып тіркелген, 2008 жылғы 19 маусымдағы № 80-81 (15990) «Дидар», 2008 жылғы 19 маусымдағы № 92-93 (18526) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Шығыс Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінде:
осы қаулының қосымшасына сәйкес жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесінен айырылсын;
мемлекеттік тілдегі 244, 262, 267, 284, 451, 516 тармақтары, орыс тіліндегі 245, 263, 268, 285, 452, 516 тармақтары алынып тасталсын.
2 2. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;
3 3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. осы қаулының оның орындалуын бақылау облыс әкімінің әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
8 Шығыс Қазақстан облысы әкімі
2020 жылғы 30 қаңтары
№ 17
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
20__ жылғы «__»_______
№___ қаулысына
қосымша
№
Ескерткіштің атауы
Ескерткіштің
түрі
Ескерткіштің орналасқан жері
1
2
3
4
Зырян ауданы
1
Обухов коммунасының мұшесі
Я.И. Никольниковтың бейіті
1921 жыл
қала құрылысы
және сәулет
Малеевск кентінен 7,8 км, кент пен Богатырево ауылы арасында
Катонқарағай ауданы
2
Кеңес үкіметі үшін күрескен-дердің бауырластық бейіті
1920-1930 жылдар
қала құрылысы
және сәулет
Катонқарағай ауылы, орталық алаң, ауылдық әкімшілік ғимаратына қарама-қарсы
3
Кеңес үкіметі үшін күрескен-дерді атқан жердегі мемориал-дық тақта 1918 жыл
қала құрылысы
және сәулет
Солоновка ауылынан оңтүстік-шығысқа 2,5 км Малонарымка өзенінің сол жағасы
Көкпекті ауданы
4
Кеңес Одағының батыры К. Аухадиевтің бюсті датасы анықталмаған
қала құрылысы
және сәулет
Үлкен Бөкен ауылы, № 26 кәсіптік техникалық училищеге жақын саябақта
Семей қаласы
5
Орталық телеграф
ХІХ ғасырдың соңы
қала құрылысы
және сәулет
Найманбаев көшесі, 116
Ұлан ауданы
6
Ауылдық клуб ғимараты, ХХ ғасырдың 50 жылдары
қала құрылысы
және сәулет
Екатериновка ауылы,
ауыл орталығында