Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 25 декабря 2008 года № 611 "Об утверждении Правил составления налоговой отчетности"

Бұйрық · № 165 · қабылданған 17.04.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2008-no-611-ekb-45376/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 25 декабря 2008 года № 611 "Об утверждении Правил составления налоговой отчетности" Күшін жойған Бұйрық ·№ 165 ·17.04.2009
05.08.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.08.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 25 декабря 2008 года № 611 "Об утверждении Правил составления налоговой отчетности"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 165 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 25 декабря 2008 года № 611 "Об утверждении Правил составления налоговой отчетности"
Атауы (қаз.)
"Салық есептілігін жасауды ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 611 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
165
Қабылданған күні
17.04.2009
Көрсетілген редакция
05.08.2019 45376_418794.kaz
Соңғы өзгеріс
05.08.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V090005641_
ЭКБ идентификаторы
45376
Редакция идентификаторы
45376_418794
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:22

0 "Салық есептілігін жасауды ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 611 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. "Салық есептілігін жасауды ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 611 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5423 болып тіркелген, "Юридическая газета" газетінде 2008 жылғы 31 желтоқсанда № 197 (1597) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1 1) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қосылған құн салығы бойынша салық есептелігін (декларацияны) жасау ережесінде (300.00-нысан):

16-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) 300.00.12 А жолында Қазақстан Республикасында сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша, оның ішінде қосылған құн салығынсыз сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша айналымдардың жалпы сомасы көрсетіледі;";
27-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) В бағанында импорттың реттік нөмірі көрсетіледі:
1 - өнеркәсіптік өңдеуге арналған тауарлар импорты;
2 – су, газ, электр энергиясының импорты;";
37-тармағында:
4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) D бағанында шот-фактурада көрсетілген нөмірге сәйкес келуі тиіс араб цифрларымен шот-фактураның нөмірі көрсетіледі.
Есепті кезең ішінде өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімі электронды түрде берілген кезде шот-фактура нөмірін көрсетуге арналған ұяшықтардың саны шектелмейді;";
6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) F бағанында қосылған құн салығын есепке алмай шот-фактурада көрсетілген тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құндарының барлығы көрсетіледі.
Бұл ретте Салық кодексінің 264-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алушыға шот-фактураларды жазып беретін салық төлеушілер бұл бағанда көлік экспедициясы шартының шеңберінде тасымалдаушылар және (немесе) жеткізушілер орындаған және көрсеткен жұмыстар мен қызметтердің құнын ескере отырып, шот-фактурада көрсетілген тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналымның (салық салынатын және (немесе) салынбайтын) жалпы сомасын көрсетеді.
Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алушыға шот-фактураларды жазып беретін комиссионерлер Салық кодексінің 263-бабы 18-тармағында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, олар комиссионер сатып алушыға өткізуді жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құнын негізге ала отырып, комиссионер жазып берген шот-фактурада көрсетілген тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналымның (салық салынатын және (немесе) салынбайтын) жалпы сомасын көрсетеді;" ;
8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) H бағанында есептелген қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі. Бұл ретте H бағаны егер осы бағанда көрсетілуі тиіс қосылған құн салығының сомасы шот-фактурада көрсетілген сомадан аз болған жағдайда толтырылады.";
39-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) D бағанында шот-фактурада көрсетілген нөмірге сәйкес келуі тиіс араб цифрларымен шот-фактураның нөмірі көрсетіледі.
Есепті кезең ішінде алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша шот-фактуралар (тауарларды мемлекеттік материалдық резервтен шығаруға құжаттар) тізілімі электронды түрде берілген кезде шот-фактура нөмірін көрсетуге арналған ұяшықтардың саны шектелмейді;";

2 2) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша салық есептілігін (декларация 870.00 - нысан) жасау ережесінде:

16-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1), 3-2), 3-3), 3-4), 3-5), 3-6), 3-7), 3-8) тармақшаларымен толықтырылсын:
"3-1) "Декларацияны куәландырған қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық уәкілетті органның лауазымды тұлғасының Т.Ә.А." жолында декларацияны куәландырған қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық уәкілетті органның лауазымды тұлғасының тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі;
3-2) Декларацияны куәландыру күні.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық уәкілетті органда Декларацияның куәландырылу күні көрсетіледі;
3-3) "Декларацияны куәландырған жергілікті атқарушы органның лауазымды тұлғасының Т. Ә .А." жолында Декларацияны куәландырған жергілікті атқарушы органның лауазымды тұлғасының тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі;
3-4) Декларацияны куәландыру күні.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органында декларацияны куәландыру күні көрсетіледі;
3-5) Қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық уәкілетті органның СТН-і.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық уәкілетті органның СТН-і көрсетіледі;
3-6) Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жергілікті атқарушы органның СТН-і.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органның СТН-і көрсетіледі;
3-7) Қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық уәкілетті органның ЖСН (БСН)-і.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық уәкілетті органның ЖСН (БСН) - жеке сәйкестендіру (бизнес сәйкестендіру) нөмірі көрсетіледі.
3-8) Қоршаған ортаны қорғау саласындағы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ЖСН (БСН)-і.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ЖСН (БСН) - жеке сәйкестендіру (бизнес сәйкестендіру) нөмірі көрсетіледі.
Жол "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес салық төлеушінің жеке сәйкестендіру (бизнес сәйкестендіру) нөмірі болған жағдайда толтырылуы тиіс;";
18-тармағында:
1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) 3-жолда салық міндеттемелерін орындау сенімгерлікпен басқарушыға жүктелген мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге негіздер бойынша пайда алушының, немесе Салық кодексінің 493-бабы 2-тармағына сәйкес құрылымдық бөлімшесін төлемақыларды дербес төлеуші деп қарауға шешім қабылдаған заңды тұлғаның - салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі;";
2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) 4-жолда салық міндеттемелерін орындау сенімгерлікпен басқарушыға жүктелген мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге негіздер бойынша пайда алушының, немесе Салық кодексінің 493-бабы 2-тармағына сәйкес құрылымдық бөлімшесін төлемақыларды дербес төлеуші деп қарауға шешім қабылдаған заңды тұлғаны ң жеке сәйкестендіру (бизнес сәйкестендіру) нөмірі көрсетіледі;";
4) тармақшасы", С бағанында Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 71-бабына сәйкес қоршаған ортаға эмиссия үшін табиғат пайдаланушыларға рұқсат берілетін oбъектілер санаты көрсетіледі." деген сөздерімен толықтырылсын.
Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша декларацияға қосымша (870.01-нысан) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ерғожин Д.Е.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және оның кейiннен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсiн.

3 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.

0 Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем бойынша декларация

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2009 жылғы 17 сәуірдегі
№ 165 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2008 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 611 бұйрығымен бекітілген,
Қоршаған ортаға эмиссия үшін
төлем бойынша салық
есептілігін (декларация)
жасау ережелеріне қосымша
Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем бойынша декларация
Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы (Декларацияға қосымша)

Қолданыстағы