О внесении изменений в решение маслихата района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области от 25 декабря 2009 года № 20-7 «О ставках на земельный налог»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области от 25 декабря 2009 года № 20-7 «О ставках на земельный налог»
- Атауы (қаз.)
- «Жер салығының ставкалары туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 20-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы»
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 48-2
- Қабылданған күні
- 16.03.2016
- Көрсетілген редакция
- 18.04.2018 101465_319360.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.04.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16SI003722
- ЭКБ идентификаторы
- 101465
- Редакция идентификаторы
- 101465_319360
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:03
0 «Жер салығының ставкалары
туралы» Солтүстік Қазақстан
облысы Мағжан Жұмабаев ауданы
мәслихатының 2009 жылғы
25 желтоқсандағы № 20-7 шешіміне
өзгерістер енгізу туралы»
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 1-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. «Жер салығының ставкалары туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 20-7 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 14 қаңтарда № 13-9-111 тіркелген, аудандық «Мағжан жұлдызы» газетінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы № 4, аудандық «Вести» газетінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы № 4 сандарында жарияланған (бұдан әрі – шешім) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің (Салық кодексі) 386-бабының 5-тармағына, 387-бабының 1-тармағына, 444-бабының 1-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты ШЕШТІ:»;
1-тармақтың 1-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Кодекс) 379, 381, 383-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері 50 пайызға жоғарылатылсын.
Осы тармақтың ережесі Кодекстің 386-бабында белгіленген жер учаскелеріне таратылмайды.».
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасы»
республикалық мемлекеттік мекемесі
Басшысы ________ А. Кемелев
2016 жылғы «16» наурыз