О внесении изменений в решение от 25 декабря 2009 года № 21/5-IV "О социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение от 25 декабря 2009 года № 21/5-IV "О социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах"
- Атауы (қаз.)
- "Ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс iстейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтiк көмек туралы" 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 21/5-IV шешімге өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 2/6-V
- Қабылданған күні
- 14.03.2012
- Көрсетілген редакция
- 21.12.2012 AI64396_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.12.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12VD000163
- ЭКБ идентификаторы
- 64396
- Редакция идентификаторы
- AI64396_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:49
0 "Ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс iстейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтiк көмек туралы" 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 21/5-IV шешімге өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабы 5 тармағына, Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Риддер қалалық мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 21/5-IV «Ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс iстейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтiк көмек туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылдың 27 қаңтардағы № 5-4-125 тіркелген, 2010 жылдың 05 ақпанындағы № 7 «Лениногорская правда» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1 1) шешімнің 1 тармағы келесі редакцияда жазылсын:
1 «1. Ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға 8640 (сегіз мың алты жүз қырық) теңге мөлшерiнде әлеуметтiк көмек белгiленсiн.»;
2 2) 3 тармақтың бірінші азат жолы келесі редакцияда жазылсын:
3
«3. «Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға «Казпошта» АҚ және «Халық банкi» АҚ бөлiмшелерi арқылы жылына бiр рет 8640 (сегіз мың алты жүз қырық) теңге мөлшерiнде келесi құжаттарды тапсырған жағдайда әлеуметтiк көмек жүргiзсiн:».