Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Павлодарской области от 25 декабря 2009 года № 236/18 "О назначении социальной помощи выпускникам общеобразовательных школ из малообеспеченных семей и оставшимся без попечения родителей для оплаты обучения в высших учебных заведениях"

Қаулы · № 198/14 · қабылданған 21.09.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2009-no-23618-ekb-54942/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Павлодарской области от 25 декабря 2009 года № 236/18 "О назначении социальной помощи выпускникам общеобразовательных школ из малообеспеченных семей и оставшимся без попечения родителей для оплаты обучения в высших учебных заведениях" Күшін жойған Қаулы ·№ 198/14 ·21.09.2010
21.10.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.10.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Павлодарской области от 25 декабря 2009 года № 236/18 "О назначении социальной помощи выпускникам общеобразовательных школ из малообеспеченных семей и оставшимся без попечения родителей для оплаты обучения в высших учебных заведениях"

Күшін жойған Қаулы ·№ 198/14 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Павлодарской области от 25 декабря 2009 года № 236/18 "О назначении социальной помощи выпускникам общеобразовательных школ из малообеспеченных семей и оставшимся без попечения родителей для оплаты обучения в высших учебных заведениях"
Атауы (қаз.)
Павлодар облысы әкімдігінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы "Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы" № 236/18 қаулысына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
198/14
Қабылданған күні
21.09.2010
Көрсетілген редакция
21.10.2013 AI54942_2.kaz
Соңғы өзгеріс
21.10.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10P0003172
ЭКБ идентификаторы
54942
Редакция идентификаторы
AI54942_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:19

0

Павлодар облысы әкімдігінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы "Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы" № 236/18 қаулысына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Павлодар облысы әкімдігінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы "Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы" № 236/18 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу мемлекеттік тізілімінде № 3154 болып тіркелген, 2010 жылғы 4 ақпандағы № 12 "Сарыарқа самалы", 2010 жылғы 4 ақпандағы № 12 "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

2 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

2

"2. Жоғары оқу орындары жанындағы қабылдау комиссиялары (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 638 бұйрығымен бекітілген Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік ережелерінде белгіленген бірыңғай ұлттық тестілеу кезінде ақылы оқытуға қабылдау үшін қажетті ұпай санын жинаған және мемлекеттік грантты немесе кредитті ала алмаған талапкерлердің тізімін тиісті жылдың 10 тамызына дейін облыс жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына ұсынсын.";

8 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

8 "8. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә. Қ. Ғалымоваға жүктелсін";

Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне көрсетілген қаулымен бекітілген жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі нұсқаулықтың 9-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Жоғары оқу орындары әлеуметтік көмек алушының мекенжайы бойынша орналасқан жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімін тиісті бұйрықтың шығарылуына дейін студенттің оқудан шығарылуы туралы 30 күн бұрын хабардар етеді."

2 2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы