О внесении изменения и дополнения в решение маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области от 25 декабря 2009 года № 24/145 «О корректировке базовых ставок земельного налога на основании схемы зонирования земель для целей налогообложения»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в решение маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области от 25 декабря 2009 года № 24/145 «О корректировке базовых ставок земельного налога на основании схемы зонирования земель для целей налогообложения»
- Атауы (қаз.)
- «Салық салу мақсаттары үшін жерлерді зоналау негізінде жер салығының базалық ставкасын түзету туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 24/145 шешіміне өзгеріс және толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 41/257
- Қабылданған күні
- 20.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 24.04.2018 89326_321026.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.04.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15SF003238
- ЭКБ идентификаторы
- 89326
- Редакция идентификаторы
- 89326_321026
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:58
0 «Салық салу мақсаттары үшін жерлерді зоналау негізінде жер салығының базалық ставкасын түзету туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 24/145 шешіміне өзгеріс және толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 28 қарашадағы заңының 1-бабы 3-тармағының 107) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. «Салық салу мақсаттары үшін жерлерді зоналау негізінде жер салығының базалық ставкасын түзету туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 24/145 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13-6-139 тіркелді, 2010 жылғы 14 мамырдағы «Есіл таңы» және 2010 жылғы 19 ақпандағы «Ишим» аудандық газеттерінде жарияланды) келесі өзгеріс және толықтыру енгізілсін:
аталған шешімнің 1 тармағы жойылсын;
аталған шешім келесі мазмұнда 5-1 тармағымен толықтырылсын:
«5-1. 2, 3, 4 тармақтар автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерге таратылмайды.»
2 2. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
мемлекеттік кірістер Комитеті
Солтүстік Қазақстан облысы
бойынша Мемлекеттік кірістер
департаментінің Есіл ауданы
бойынша мемлекеттік кірістер
басқармасы» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
М.Тоқышев
___________________
2015 жылғы 20 наурызы