О внесении изменений в решение акима от 25 сентября 2009 года № 4 «О присвоении наименований безымянным улицам в селах Вишневка и Карачилик»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение акима от 25 сентября 2009 года № 4 «О присвоении наименований безымянным улицам в селах Вишневка и Карачилик»
- Атауы (қаз.)
- Әкімнің 2009 жылғы 25 қыркүйектегі № 4 «Вишнев және Карашілік ауылдарындағы атаусыз көшелеріне атаулар беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 6
- Қабылданған күні
- 20.12.2020
- Көрсетілген редакция
- 20.12.2020 150146_499353.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20NQI09648
- ЭКБ идентификаторы
- 150146
- Редакция идентификаторы
- 150146_499353
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 10:58
0 Әкімнің 2009 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 4 «Вишнев және Карашілік
ауылдарындағы атаусыз көшелеріне
атаулар беру туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес Сарыкөл ауданы Севастополь ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Әкімнің «Вишнев және Қарашілік ауылдарындағы атаусыз көшелеріне атаулар беру туралы» 2009 жылғы 25 қыркүйектегі № 4 шешіміне (2009 жылғы 3 желтоқсанда «Сарыкөл» газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-17-84 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Вишневка ауылының құрамдас бөліктеріне атау беру туралы»;
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып, Сарыкөл ауданы Севастополь ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Вишневка ауылындағы атауы жоқ көшелерге келесі атаулар берілсін:
№ 1 атауы жоқ көшеге - Бәйтерек көшесі;
№ 2 атауы жоқ көшеге - Атақоныс көшесі;
№ 3 атауы жоқ көшеге - Ақжол көшесі;
№ 4 атауы жоқ көшеге - Шаттық көшесі;
№ 5 атауы жоқ көшеге - Береке көшесі.».