Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений и изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 мая 2009 года № 49 "Об утверждении Инструкции о перечне, формах и сроках представления финансовой отчетности отдельными финансовыми организациями"

Қаулы · № 121 · қабылданған 29.12.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2009-no-49/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О внесении дополнений и изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 мая 2009 года № 49 "Об утверждении Инструкции о перечне, формах и сроках представления финансовой отчетности отдельными финансовыми организациями" Күшін жойған Қаулы ·№ 121 ·29.12.2009
01.07.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений и изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 мая 2009 года № 49 "Об утверждении Инструкции о перечне, формах и сроках представления финансовой отчетности отдельными финансовыми организациями"

Күшін жойған Қаулы ·№ 121 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений и изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 мая 2009 года № 49 "Об утверждении Инструкции о перечне, формах и сроках представления финансовой отчетности отдельными финансовыми организациями"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жекелеген қаржы ұйымдарының қаржылық есептілік тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2009 жылғы 25 мамырдағы № 49 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
121
Қабылданған күні
29.12.2009
Көрсетілген редакция
01.07.2011 AI50675_3.kaz
Соңғы өзгеріс
01.07.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V090006045_
ЭКБ идентификаторы
50675
Редакция идентификаторы
AI50675_3
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:26

0 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жекелеген қаржы ұйымдарының қаржылық есептілік тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2009 жылғы 25 мамырдағы № 49 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және жекелеген қаржы ұйымдарының қаржылық есептілік нысандарын ұсыну тәртібін нақтылау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Жекелеген қаржы ұйымдарының қаржылық есептілік тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2009 жылғы 25 мамырдағы № 49 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5715 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген қаржы ұйымдарының қаржылық есептілік тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықта:
1-тармақ «(бұдан әрі – уәкілетті орган)» деген сөздерден кейін «немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – Ұлттық Банк)» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Ұлттық Банктің лицензиясы негізінде банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдарды және қызметінің айрықша түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, еншілес ұйымдары жоқ жекелеген қаржы ұйымдары уәкілетті органға аудиторлық ұйым растаған шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілікті жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейінгі мерзімде ұсынады.
Ұлттық Банктің лицензиясы негізінде банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, еншілес ұйымдары бар жекелеген қаржы ұйымдары уәкілетті органға шоғырландырылмаған және шоғырландырылған жылдық қаржылық есептіліктерді жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 30 сәуіріне дейінгі мерзімде ұсынады.
Шоғырландырылмаған және сол сияқты шоғырландырылған жылдық қаржылық есептіліктерді ұсынатын жекелеген қаржы ұйымдарына аудиторлық ұйымның растауы тек шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілік үшін ғана талап етіледі.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Еншілес ұйымдары жоқ, Ұлттық Банктің лицензиясы негізінде банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдар және қызметінің айрықша түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалар Ұлттық Банкке аудиторлық ұйымның растауы талап етілмейтін шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілікті жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейінгі мерзімде ұсынады.
Еншілес ұйымдары бар, Ұлттық Банктің лицензиясы негізінде банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдар Ұлттық Банкке шоғырландырылмаған және шоғырландырылған жылдық қаржылық есептіліктерді жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 30 сәуіріне дейінгі мерзімде ұсынады.
Ұлттық Банктің лицензиясы негізінде банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын, банк және (немесе) банктік холдинг оларда ірі қатысушылар болып табылатын ұйымдар Ұлттық Банкке аудиторлық ұйым растаған жылдық қаржылық есептілікті ұсынады.»;
5-тармақта:
төртінші бөлік «операторын» деген сөзден кейін «, Ұлттық Банктің лицензиясы негізінде банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдарды және қызметінің айрықша түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларды» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
«Ұлттық Банктің лицензиясы негізінде банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдар және қызметінің айрықша түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалар ай сайынғы және тоқсан сайынғы қаржылық есептіліктерді ұсынбайды.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Жекелеген қаржы ұйымдары ай сайынғы және тоқсан сайынғы қаржылық есептіліктерін уәкілетті органға ұсынылатын деректердің конфиденциалдылығын және түзетілмеуін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғаныш құралдары бар ақпаратты кепілді жеткізудің тасымалдау жүйесін пайдалана отырып электрондық тасымалдауыштармен ұсынады.
Жекелеген қаржы ұйымдары жылдық қаржылық есептілігін уәкілетті органға қағаз және электрондық тасымалдауыштармен ұсынады.»;
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Ұлттық Банктің лицензиясы негізінде банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдар және қызметінің айрықша түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалар жылдық қаржылық есептілігін қағаз тасымалдауышпен орналасқан жері бойынша Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарына, ал Алматы қаласында орналасқан ұйымдар Ұлттық Банктің орталық аппаратына ұсынады.»;
9-тармақтың бірінші сөйлеміндегі «Ай сайын және тоқсан сайын жасалатын, қағазға» деген сөздер «Қағазға» деген сөзбен ауыстырылсын;
11-тармақта:
бірінші сөйлемдегі «электрондық түрде ұсынған қаржылық есептілікте толық емес ақпарат немесе қателер табылған жағдайда, уәкілетті орган» деген сөздер «ұсынған қаржылық есептілікте толық емес ақпарат немесе қателер табылған жағдайда, сондай-ақ электрондық тасымалдауышпен ұсынылған жылдық қаржылық есептілік оқылмаған жағдайда, уәкілетті орган немесе Ұлттық Банк» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші сөйлемдегі «электрондық тасымалдауыштағы» деген сөздер алынып тасталсын;
2-қосымшаның кестесінде:
«Активтердің құнсыздануынан болған шығыстар» жолы, жолдың коды 19, алынып тасталсын;
«Шығыстардың жиынтығы (13 – 20 аралығындағы жолдар сомасы)» жолынан кейін, жолдың коды 21, мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"
Ре­зерв­тер­ге (про­ви­зи­я­лар­ға) ауда­ры­л­ған­ға дей­ін­гі пай­да (зи­ян)
21-1
Опе­ра­ци­я­лар бой­ын­ша бо­луы ық­ти­мал шы­ғын­дар­ға ар­нал­ған ре­зерв­тер (ре­зерв­тер­ді қал­пы­на кел­ті­ру)
21-2
оның ішін­де но­ми­нал­дық кі­рі­сті­лік­тің көр­сет­кі­ші мен кі­рі­сті­лік­тің ең тө­мен­гі мәні ара­сын­да­ғы ай­ыр­ма­ны өте­у­ге ар­нал­ған
".

2 2. Осы қаулы, 1-тармақтың 2009 жылғы 16 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін төртінші, бесінші және алтыншы абзацтарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

3 3. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):

1 1) Заң департаментімен (Өртембаев А.Қ.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2 2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Төрайым Бахмутова Е.Л.
2010 жылғы 18 қаңтар

Қолданыстағы