Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 25 февраля 2010 года № 118 «Об утверждении Правил ведения Государственного реестра селекционных достижений, рекомендуемых к использованию в Республике Казахстан»

Бұйрық · № 333 · қабылданған 18.09.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2010-no-118-ekb-186301/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 25 февраля 2010 года № 118 «Об утверждении Правил ведения Государственного реестра селекционных достижений, рекомендуемых к использованию в Республике Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 333 ·18.09.2023
18.09.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 25 февраля 2010 года № 118 «Об утверждении Правил ведения Государственного реестра селекционных достижений, рекомендуемых к использованию в Республике Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 333 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 25 февраля 2010 года № 118 «Об утверждении Правил ведения Государственного реестра селекционных достижений, рекомендуемых к использованию в Республике Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Cелекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 25 ақпандағы № 118 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
333
Қабылданған күні
18.09.2023
Көрсетілген редакция
18.09.2023 186301_654388.kaz
Соңғы өзгеріс
18.09.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300033440
ЭКБ идентификаторы
186301
Редакция идентификаторы
186301_654388
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 16:46

0 «Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Cелекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 25 ақпандағы № 118 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Cелекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 25 ақпандағы № 118 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6153 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 7-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесін жүргізу қағидаларында:
1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы, 1-тармағының 7-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Cелекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесін жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттық сынау жөнiндегi мемлекеттiк комиссия (бұдан әрі – Мемлекеттік комиссия) – өсiмдiктер сұрыптарының патент қабiлеттiлiгi мен шаруашылыққа пайдалылығына сараптама жасауды және оны сынақтан өткізуді жүзеге асыратын агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы уәкiлеттi органның қарауындағы ұйым;
2) Селекциялық жетiстiктердiң пайдалануға ұсынылатын мемлекеттiк тiзiлiмi (бұдан әрі – Мемлекеттік тізілім) – пайдалануға ұсынылған, өндiрiсте шаруашылыққа пайдалану үшiн ұсынылатын сұрыптарды, тұқымдарды қамтитын, Қазақстан Республикасының селекциялық жетiстiктерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмi;
3) сұрып – аталған генотипті немесе генотиптер комбинациясын сипаттайтын белгілердің айқындылық дәрежесі бойынша айқындалатын, сол бір ботаникалық таксондағы ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің басқа топтарынан бір немесе бірнеше белгісімен не белгілердің айқындылық дәрежесімен ерекшеленетін және тұрақты болып табылатын ең төменгі ботаникалық таксондар шеңберіндегі ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тобы. Клон, желі, бірінші ұрпақ буданы, популяция сұрыптың қорғалатын санаттары болып табылады.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Мемлекеттік тізбе мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) ауыл шаруашылығы өсімдігінің тегі мен түрі (сондай-ақ, латын тілінде де көрсетіледі);
2) сұрыптың атауы;
3) сұрыптың тіркеу нөмірі;
4) құқықтық қорғау объектісі болып табылатын сұрып туралы мәліметтер (жолдың үстінен «Р» үлкен латын әрпі қойылады);
5) сұрыптың Мемлекеттік тізілімге енгізілген жылы;
6) енгізілетін аймақ;
7) сұрыптың оригинаторы туралы мәліметтер: заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі;
8) сұрыптың белгілері мен қасиеттері туралы мәліметтер;
9) сұрыптың шаруашылық және биологиялық қасиеттері (бар болса).»;
10-тармақ алып тасталсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы