Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 25 февраля 2010 года № 118 «Об утверждении Правил ведения Государственного реестра селекционных достижений, рекомендуемых к использованию в Республике Казахстан»

Бұйрық · № 333 · қабылданған 25.09.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2010-no-118/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 25 февраля 2010 года № 118 «Об утверждении Правил ведения Государственного реестра селекционных достижений, рекомендуемых к использованию в Республике Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 333 ·25.09.2025
25.09.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 25 февраля 2010 года № 118 «Об утверждении Правил ведения Государственного реестра селекционных достижений, рекомендуемых к использованию в Республике Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 333 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 25 февраля 2010 года № 118 «Об утверждении Правил ведения Государственного реестра селекционных достижений, рекомендуемых к использованию в Республике Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 25 ақпандағы № 118 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
333
Қабылданған күні
25.09.2025
Қолданысқа енгізілген күні
12.10.2025
Көрсетілген редакция
25.09.2025 214899_783505.kaz
Соңғы өзгеріс
25.09.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036970
ЭКБ идентификаторы
214899
Редакция идентификаторы
214899_783505
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 02:00

0 «Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 25 ақпандағы № 118 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 25 ақпандағы № 118 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6153 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесін жүргізу қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Мемлекеттік сынау нәтижелері бойынша Мемлекеттік тізбеге енгізілетін сорттар өнімділігі бойынша стандарттардан жоғары болуы, негізгі ауруларға төзімділігі бойынша олардан төмен болмауы немесе сортты пайдалану мақсатын айқындайтын ерекше шаруашылық бағалы белгілері болуы, сондай-ақ, ерекшелілік, біркелкілік және тұрақтылық өлшемшарттарына сәйкес болуы тиіс.
Мемлекеттік сынаулар нәтижелері бойынша Мемлекеттік тізбеге енгізілетін буданмен бірге бір уақытта оригинаторлардың келісуі бойынша оның аталық-аналық компоненттері енгізіледі.».

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы