Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление акимата области от 25 марта 2010 года № 66 "Об установлении границ водоохранных зон и полос рек Урал и Кигач в пределах Атырауской области"

Қаулы · № 308 · қабылданған 07.11.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2010-no-66/on/2026-09-18/
Басып шығарылды 2026-09-18 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление акимата области от 25 марта 2010 года № 66 "Об установлении границ водоохранных зон и полос рек Урал и Кигач в пределах Атырауской области" Күшін жойған Қаулы ·№ 308 ·07.11.2011
29.06.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление акимата области от 25 марта 2010 года № 66 "Об установлении границ водоохранных зон и полос рек Урал и Кигач в пределах Атырауской области"

Күшін жойған Қаулы ·№ 308 · 18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление акимата области от 25 марта 2010 года № 66 "Об установлении границ водоохранных зон и полос рек Урал и Кигач в пределах Атырауской области"
Атауы (қаз.)
Облыс әкімдігінің 2010 жылғы 25 наурыздағы № 66 "Атырау облысы шегінде Жайық және Қиғаш өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері шекарасын белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
308
Қабылданған күні
07.11.2011
Көрсетілген редакция
29.06.2023 61548_639953.kaz
Соңғы өзгеріс
29.06.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11T0002597
ЭКБ идентификаторы
61548
Редакция идентификаторы
61548_639953
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:16

0 Облыс әкімдігінің 2010 жылғы 25 наурыздағы № 66 "Атырау облысы шегінде Жайық және Қиғаш өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері шекарасын белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Заңының 21-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27, 37-баптарына және Атырау облысы мәслихатының 2010 жылғы 2 шілдедегі № 340-IV шешіміне және Атырау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 9 маусымдағы № 139 "Құрманғазы ауданы Дыңғызыл селолық округінің Қызылоба ауылын Ғизат Әліпов ауылы деп қайта атау туралы" қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Облыс әкімдігінің 2010 жылғы 25 наурыздағы № 66 "Атырау облысы шегінде Жайық және Қиғаш өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері шекарасын белгілеу туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2564 тіркелген, 2010 жылғы 6 мамырдағы "Атырау" газетінің № 48 санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының "Жайық және Қиғаш өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері" деген 1-қосымшасында:
бүкіл мәтін бойынша "Қызылоба" деген сөз "Ғизат Әліпов" деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Облыс әкімдігінің 2011 жылғы 25 шілдедегі № 215 "Облыс әкімдігінің 2010 жылғы 25 наурыздағы № 66 "Атырау облысы шегінде Жайық және Қиғаш өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері шекарасын белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы жойылсын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.А. Дәукеновке жүктелсін.

4. Осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы