О внесении изменений в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 25 марта 2011 года № 166 "Об утверждении классификации видов работ, выполняемых при содержании, текущем, среднем и капитальном ремонтах автомобильных дорог общего пользования"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 25 марта 2011 года № 166 "Об утверждении классификации видов работ, выполняемых при содержании, текущем, среднем и капитальном ремонтах автомобильных дорог общего пользования"
- Атауы (қаз.)
- "Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулер кезінде орындалатын жұмыстар түрлерін сыныптауды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 25 наурыздағы № 166 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 131
- Қабылданған күні
- 26.03.2012
- Көрсетілген редакция
- 24.01.2014 AI64334_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.01.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1200007491
- ЭКБ идентификаторы
- 64334
- Редакция идентификаторы
- AI64334_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:46
0 "Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулер кезінде орындалатын жұмыстар түрлерін сыныптауды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 25 наурыздағы № 166 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 12-бабы 2-тармағының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулер кезінде орындалатын жұмыстар түрлерін сыныптауды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 25 наурыздағы № 166 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6875 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 14 сәуірдегі № 125-126 (26546-26547) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулер кезінде орындалатын жұмыстар түрлерін сыныптауда:
33-тармақтың 4) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«сигнал берулерді, жол қозғалысын ұйымдастыру объектілерін (бағдаршамдар, электрондық және жол белгілері, ақпараттық таблолар), байланыс және жарықтандыру құралдарын орнату және жөндеу;»;
38-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) жолдың қозғалысын, байланысын және жарықтандыруды ұйымдастыру объектілері бойынша жолды жайластыру және орналастыру;
жолдарды немесе олардың жекелеген учаскелерін сәулеттік ресімдеу және жайластыру;
аялдамалық, отырғызу алаңдарын және автопавильондарды жабдықтау;
демалыс алаңдарын (күркелері, су көздері, қарау шұңқырлары немесе жолдағы автомобильді профилактикалық байқау үшін эстакадасы және басқа да жайластырулары бар), аялдама немесе автомобиль тұрағына арналған алаңдарды, аялдау қапталдарын оларға өту-жылдамдық жолағын жабдықтаумен (соның ішінде әр түрлі деңгейлерде) жүргіншілер өткелдерін, сондай-ақ елді мекендер шегінде өтетін қауіпсіздік аралдарын, тротуарды, жол учаскелеріндегі жүргіншілер жолдарын жабдықтау;
күрделі жөндеу өтіп жатқан учаскелерде тосқауыл қоршауларын, бағыттайтын құрылғыларды және жол белгілерін жаңадан жабдықтау немесе ауыстыру;
жүріп өту үшін ақы алу жүйесінің бағдарламалық-аппараттық кешенін, сондай-ақ, зияткерлік көлік жүйесін (ЗКЖ), жабдықтау және тиісті жабдықтарды монтаждау;
автомобиль жолдарының бір және әр түрлі деңгейдегі қолданып жүрген қиылысулары мен жанасуларын, сондай-ақ, барлық жолдағы немесе оның учаскелеріндегі жекелеген өтпелерді, түсетін жерлерді және вираждарды, желілік жол қызметі ғимараттарына және жолдың сервистік кешеніне кіреберістерді жаңадан жабдықтау және қайта жабдықтау;
қолданып жүрген жазғы трактор жолын, жөндеу кезеңіндегі уақытша айналма жол құрылысын жаңадан орнату және қайта орнату немесе дүлей апаттардан қираған жол учаскелерін қалпына келтіру;
жолдың жекелеген учаскелерінде, көпірлерде және паромдық өткелдерде электрмен жарықтандыруды, жол желілік (телетаспа) немесе радиобайланыстың және технологиялық байланыстың басқа құралдарын жабдықтау;
қозғалысты есепке алу пункттерін, жолдың, оның жекелеген элементтерінің, құрылыстардың және одан өтетін көлік ағындарының жұмыстарын зерделеу үшін қажетті қар өлшейтін және су өлшейтін посттарды және басқа құрылғыларды орнату және жабдықтау;
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды өткізу (қазандықтарға тозаң тұтатын құрылғыларды салу, су көздерін ластанудан қорғау және басқа жұмыстар);
қажетті коммуникациялық желілерге қосу арқылы көлік құралдарының қозғалысын бақылау және мониторинг жүргізу үшін өлшеу құрылғыларын, құрал-жабдықтарды орнату және бағдарламалық қамтамасыз ету;
күзетті талап ететін стратегиялық маңызды объектілерде күзет жүйесін және бейне бақылауды орнату.».