О внесении изменения в постановление акимата города Кокшетау от 25 февраля 2011 года № А-2/386 «Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставлении кандидатам помещений для встреч с избирателями»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата города Кокшетау от 25 февраля 2011 года № А-2/386 «Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставлении кандидатам помещений для встреч с избирателями»
- Атауы (қаз.)
- Көкшетау қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № А-2/386 «Үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- А-2/220
- Қабылданған күні
- 20.02.2015
- Көрсетілген редакция
- 18.09.2017 86977_241629.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.09.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15BA004660
- ЭКБ идентификаторы
- 86977
- Редакция идентификаторы
- 86977_241629
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:35
0 Көкшетау қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 25 ақпандағы
№ А-2/386 «Үгіт баспа
материалдарын орналастыру
үшін орындарды белгілеу және
кандидаттарға сайлаушылармен
кездесуі үшін үй-жай беру туралы»
қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Көкшетау қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № А-2/386 «Үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №-1-1-138 болып тіркелген, 2011 жылдың 2 наурызында «Степной маяк» және «Көкшетау» газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 2 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары А.Б. Әміреноваға жүктелсін.
3 3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Көкшетау қалалық аймақтық
сайлау комиссиясының төрайымы
М.М. Қалиева
«20» ақпан 2015 жыл
4 Көкшетау қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 20 ақпандағы
№ А-2/220 қаулысына қосымша
Көкшетау қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 25 ақпандағы № А-2/386
қаулысына 2 қосымша
Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде
берілетін үй-жайлар
№
Елді мекеннің атауы
Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар
1.
Көкшетау қаласы
Е.Н. Әуелбеков көшесі, 177, Көкшетау қаласы білім бөлімінің «№ 16 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы
2.
Көкшетау қаласы
Васильковский мөлтек ауданы, 17, Көкшетау қаласы білім бөлімінің «№ 17 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы
3.
Көкшетау қаласы
Центральный мөлтек ауданы, 40, Көкшетау қаласы білім бөлімінің «№ 19 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы
4.
Көкшетау қаласы
Станционный кенті, Юбилейная көшесі, 19/2, Көкшетау қаласы білім бөлімінің «№ 7 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы