О внесении изменения в решение районного маслихата от 25 апреля 2011 года № 300 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Аппарат Алтынсаринского районного маслихата»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение районного маслихата от 25 апреля 2011 года № 300 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Аппарат Алтынсаринского районного маслихата»
- Атауы (қаз.)
- Мәслихаттың 2011 жылғы 25 сәуірдегі № 300 «Алтынсарин аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 214
- Қабылданған күні
- 26.08.2026
- Көрсетілген редакция
- 26.08.2026 229642_838262.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26NE00214M
- ЭКБ идентификаторы
- 229642
- Редакция идентификаторы
- 229642_838262
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 17.09.2026 19:00
0 Мәслихаттың 2011 жылғы 25 сәуірдегі № 300 «Алтынсарин аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алтынсарин аудандық мәслихатының 2011 жылғы 25 сәуірдегі № 300 «Алтынсарин аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген «Алтынсарин аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күшіне енеді.
3 «Алтынсарин аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі
Алтынсарин аудандық мәслихатының
2026 жылғы 26 тамыздағы
№ 214 шешіміне
қосымша
Алтынсарин аудандық мәслихаттың
2011 жылғы 25 сәуірдегі
№ 300 шешімімен
бекітілген
«Алтынсарин аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. Жалпы ережелер
1. «Алтынсарин аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мәслихат аппараты) Алтынсарин аудандық мәслихаты мен оның органдарын ұйымдық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, депутаттарға олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Мәслихат аппаратының ведомстволары жоқ.
3. Мәслихат аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де Нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Мәслихат аппараты мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемлекеттік және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Мәслихат аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Мәслихат аппараты, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттілік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы ретінде әрекет етуге құқылы.
7. Мәслихат аппараты өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және заңда белгіленген тәртіппен Мәслихат аппараты басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Мәслихат аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индексі 110110, Қостанай облысы, Алтынсарин ауданы, Обаған ауылы, Ленин көш. 4.
10. Осы ереже Мәслихат аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.
11. Мәслихат аппараты қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Мәслихат аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен Мәслихат аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2-тарау. Мәслихат аппаратының міндеттері, функциялары және өкілеттіктері
13. Міндеттері: негізгі міндеті мәслихат пен оның органдарының қызметін ақпараттық - талдамалық, ұйымдастырушылық - құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, мәслихат депутаттарына өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмектесу болып табылады.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
жеке және заңды тұлғалармен азаматтық-құқықтық қатынастарға түсуге, шарттар жасасуға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да мәмілелер жасауға;
мәслихат отырыстарына, комиссияларға, жұмыс топтарына, мәслихат органдары өткізетін іс-шараларға қатысу;
мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және лауазымды тұлғалардан мәслихаттың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті құжаттарды, ақпаратты және басқа да материалдарды сұрау және алу;
Заңнамада белгіленген тәртіппен мәслихаттың қарауына ұсынылатын материалдар мен құжаттарды дайындауға мемлекеттік органдарды, ұйымдарды, мамандарды және сарапшыларды тарту;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да құқықтарды жүзеге асыру.
2) міндеттері:
мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдамалық, құжаттамалық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, соның ішінде мәслихат пен оның органдарының отырыстарына, сондай-ақ мәслихат қызметі шеңберінде өткізілетін басқа да іс-шараларға материалдар дайындауды жүзеге асырады;
қызмет барысында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да міндеттерді орындау.
15. Функциялары:
мәслихаттың, оның төрағасының, тұрақты және уақытша комиссиялардың, мәслихаттың басқа органдары мен депутаттарының қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
мәслихаттың, оның төрағасының, органдарының және депутаттарының қызметін құқықтық қамтамасыз ету;
мәслихат пен оның органдарының қарауына енгізілген мәслихат шешімдерінің жобаларын, басқа да құжаттар мен материалдарды дайындауды, орындауды және қолдауды ұйымдастыру;
депутаттардың өз өкілеттіктерін жүзеге асырудағы қызметін ұйымдастырушылық және әдістемелік қамтамасыз ету;
мәслихаттың, оның төрағасының, органдарының және депутаттарының қызметін ақпараттық-талдаулық қамтамасыз ету;
мәслихаттың, оның төрағасының, органдарының және депутаттарының мемлекеттік органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, азаматтық қоғам ұйымдарымен, мекемелерімен және қоғаммен өзара іс-қимылын ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
мәслихаттың, оның төрағасының, органдарының және депутаттарының қызметін ақпараттық қамтамасыз ету, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету және мәслихат қызметі туралы қоғамды хабардар ету;
мәслихаттың, оның төрағасының, органдарының және депутаттарының қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету, құжаттарды есепке алу және мұрағаттық сақтау;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, сондай-ақ мәслихатқа келіп түскен өтініштерді қарауды ұйымдастырушылық қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет және еңбек заңнамасы туралы заңнамасына сәйкес мәслихат аппаратында персоналды басқаруды ұйымдастыру;
мемлекеттік қызмет заңнамасын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
мәслихат аппараты мен мәслихаттың өз құзыреті шеңберіндегі қызметін қаржылық, материалдық-техникалық және экономикалық жағынан қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды орындау.
3-тарау. Мәслихат аппараты басшысының мәртебесі мен өкілеттіктері
16. Мәслихат аппаратының қызметін Мәслихат аппаратының басшысы басқарады, ол Мәслихат аппаратына жүктелген міндеттерді орындауға және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты.
17. Мәслихат аппаратының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
18. Мәслихат аппаратының басшысының орынбасары жоқ.
19. Мәслихат аппаратының басшысы өз өкілеттіктерін «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырады.
20. Мәслихат аппаратының басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
4-тарау. Мәслихат аппаратының мүлкі
21. Мәслихат аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Мәслихат аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.