О внесении изменения в постановление районного акимата от 25 мая 2011 года №158 «Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов, лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление районного акимата от 25 мая 2011 года №158 «Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов, лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций района»
- Атауы (қаз.)
- «Ауданда мүгедектерді, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды жұмыспен қамтуды ұйымдастыру үшін жұмыс орындарының квоталарын белгілеу туралы» аудан әкімдігінің 2011 жылғы 25 мамырдағы №158 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 530
- Қабылданған күні
- 09.12.2015
- Көрсетілген редакция
- 20.04.2016 96746_83158.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.04.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15TC003403
- ЭКБ идентификаторы
- 96746
- Редакция идентификаторы
- 96746_83158
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:11
0
«Ауданда мүгедектерді, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды жұмыспен қамтуды ұйымдастыру үшін жұмыс орындарының квоталарын белгілеу туралы» аудан әкімдігінің 2011 жылғы 25 мамырдағы №158 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабы 5-2) тармақшасына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 бабына сәйкес аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Ауданда мүгедектерді, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды жұмыспен қамтуды ұйымдастыру үшін жұмыс орындарының квоталарын белгілеу туралы» аудан әкімдігінің 2011 жылғы 25 мамырдағы №158 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4-3-158 тіркелген, 2011 жылғы 23 маусымда «Жайық шұғыласы» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
Аталған қаулының 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.».