О внесении изменений в постановление от 25 июня 2012 года № 398 "Об оказании дополнительной социальной помощи"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление от 25 июня 2012 года № 398 "Об оказании дополнительной социальной помощи"
- Атауы (қаз.)
- "Қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2012 жылғы 25 маусымдағы № 398 қаулысына өзгерістер еңгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 810
- Қабылданған күні
- 21.08.2014
- Көрсетілген редакция
- 02.12.2014 AI83175_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.12.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14VD003486
- ЭКБ идентификаторы
- 83175
- Редакция идентификаторы
- AI83175_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:45
0 "Қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2012 жылғы 25 маусымдағы № 398 қаулысына өзгерістер еңгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 29-бабының 6-тармағына, 15, 16-баптарына, 11-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21-бабына сәйкес, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1.
«Қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2012 жылғы 25 маусымдағы № 398 қаулыға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміндегі № 2587 тіркелген, 2012 жылғы 24 шілдедегі № 29 «Риддерские вести» газетінде жарияланған), келесі өзгертулер еңгізілсін:
қаулының кіріспесі келесі редакцияда баяндалсын:
«Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 29-бабының 6-тармағына, 15, 16-баптарына, 11-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».
3 тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:
«1) мүгедек балаларға (толықтай мемлекет қамтамасыз ететін мүгедек балалардан басқа) әлеуметтік көмек отбасы табысына қарамастан, үйден тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалардың ата-анасының біреуіне немесе заңды өкілдеріне беріледі».
2 2.
Осы қаулының орындалуын бақылау Риддер қаласы әкімінің орынбасары Ю.В. Шматкоға жүктелсін.
3 3.
Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.