О внесении изменений и дополнений в решение Зерендинского районного маслихата от 25 апреля 2012 года № 4-30 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в Зерендинском районе"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение Зерендинского районного маслихата от 25 апреля 2012 года № 4-30 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в Зерендинском районе"
- Атауы (қаз.)
- Зеренді аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 25 сәуірдегі № 4-30 "Зеренді ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 13-120
- Қабылданған күні
- 24.04.2013
- Көрсетілген редакция
- 13.01.2015 AI72733_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.01.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13BN003746
- ЭКБ идентификаторы
- 72733
- Редакция идентификаторы
- AI72733_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:13
0 Зеренді аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 25 сәуірдегі № 4-30 "Зеренді ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 1316 қаулысына сәйкес, Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Зеренді аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 25 сәуірдегі № 4-30 "Зеренді ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-14-184 тіркелген, 2012 жылғы 29 мамырда "Зеренді" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
шешімнің атауы мемлекеттік тілде жаңа редакцияда жазылсын:
"Зеренді ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы";
шешімнің мемлекеттік тілдегі 1 тармағындағы "Ережесі" сөзі "қағидасы" сөзіне ауыстырылсын;
аталған шешіммен бекітілген Зеренді ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінің:
барлық мәтін бойынша мемлекеттік тілдегі "Ереже" сөзі "қағида" сөзіне ауыстырылсын;
барлық мәтін бойынша "отбасыларға (азаматтарға)" сөздерінің алдында "аз қамтылған" сөзімен толықтырылсын;
17 тармақтың 2 абзац жаңа редакцияда жазылсын:
"тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған төлемдер, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерi үшiн, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға белгілеген 11 % (пайыз) шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінен аспайтын болса.";
21 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"21. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеу "Зеренді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен екінші деңгейдегі банктер арқылы немесе пошта байланыс бөлімшелері арқылы өтініш берушілердің жеке шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.".
2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛІСІЛДІ"
Зеренді ауданының әкімі Е.Маржықпаев