Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Зерендинского районного маслихата от 25 апреля 2012 года № 4-30 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в Зерендинском районе"

Ереже · № 25-211 · қабылданған 16.04.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2012-no-4-30/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Зерендинского районного маслихата от 25 апреля 2012 года № 4-30 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в Зерендинском районе" Күшін жойған Ереже ·№ 25-211 ·16.04.2014
13.01.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.01.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Зерендинского районного маслихата от 25 апреля 2012 года № 4-30 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в Зерендинском районе"

Күшін жойған Ереже ·№ 25-211 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Зерендинского районного маслихата от 25 апреля 2012 года № 4-30 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в Зерендинском районе"
Атауы (қаз.)
Зеренді аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 25 сәуірдегі № 4-30 "Зеренді ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
25-211
Қабылданған күні
16.04.2014
Көрсетілген редакция
13.01.2015 AI80133_2.kaz
Соңғы өзгеріс
13.01.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14BN004176
ЭКБ идентификаторы
80133
Редакция идентификаторы
AI80133_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:02

0 Зеренді аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 25 сәуірдегі № 4-30 "Зеренді ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 және «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрған үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 1303 қаулысына сәйкес, Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Зеренді аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 25 сәуірдегі № 4-30 «Зеренді ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-14-184 тіркелген, 2012 жылғы 29 мамырда «Зеренді» аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Зеренді ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасының:
1 тармақтың 5 азат жолы алынып тасталсын;
2 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеуге шығуы мүмкін шығындар үлесінің шегі отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 11 % мөлшерінде белгіленеді.»;
10 тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы;»;
10 тармақтың 7) тармақшасы алынып тасталсын.

2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Зеренді ауданының әкімі М.Тәткеев

Қолданыстағы