О внесении изменения в решение Айыртауского районного маслихата от 25 июля 2012 года № 5-6-3 «О Правилах оказания малообеспеченным семьям (гражданам) жилищной помощи на содержание жилья и оплату коммунальных услуг»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Айыртауского районного маслихата от 25 июля 2012 года № 5-6-3 «О Правилах оказания малообеспеченным семьям (гражданам) жилищной помощи на содержание жилья и оплату коммунальных услуг»
- Атауы (қаз.)
- «Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы» Айыртау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 шілдедегі № 5-6-3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 5-39-2
- Қабылданған күні
- 30.06.2015
- Көрсетілген редакция
- 29.03.2024 91917_704975.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.03.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15SC003325
- ЭКБ идентификаторы
- 91917
- Редакция идентификаторы
- 91917_704975
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:17
0 «Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы» Айыртау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 шілдедегі № 5-6-3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Айыртау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 шілдедегі № 5-6-3 «Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-3-161 тіркелген, 2012 жылғы 6 қыркүйекте «Айыртау таңы» газетінде, 2012 жылғы 6 қыркүйекте «Айыртауские зори» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:
1-тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын
«1) жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;».
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_____________Е. Қазбеков
2015 жылғы 30 маусым
«Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданының экономика
және қаржы бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
______________М. Рамазанова
2015 жылғы 30 маусым