Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в решение от 25 сентября 2012 года № 6-53/V "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи"

Ереже · № 11-103/V · қабылданған 05.03.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2012-no-6-53v-ekb-71841/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении дополнений в решение от 25 сентября 2012 года № 6-53/V "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи" Күшін жойған Ереже ·№ 11-103/V ·05.03.2013
22.01.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.01.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в решение от 25 сентября 2012 года № 6-53/V "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи"

Күшін жойған Ереже ·№ 11-103/V · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в решение от 25 сентября 2012 года № 6-53/V "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи"
Атауы (қаз.)
"Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 6-53/V шешімге толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
11-103/V
Қабылданған күні
05.03.2013
Көрсетілген редакция
22.01.2015 71841_694320.kaz
Соңғы өзгеріс
22.01.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13VR002923
ЭКБ идентификаторы
71841
Редакция идентификаторы
71841_694320
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:32

0 "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 6-53/V шешімге толықтырулар енгізу туралы

«Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 1316 қаулысына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1.

«Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» Үржар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 6-53/V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2699 нөмірімен тіркелген, «Уақыт тынысы» газетінің 2012 жылдың 18 қазанында 90-91 нөмірлерінде жарияланған) шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінде:
«Жалпы ережелер» тарауындағы 2 тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.»;
«Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі» тарауындағы 5 тармақ мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын түбіртек-шот.».

2 2.

Осы шешімнің 1-тармағының үшінші және алтыншы абзацтарының жекешелендiрiлген тұрғын жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдiк сыныбы 2,5 электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң орнына орнатылатын тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығысын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге тұрғын үй көмегiн көрсету туралы 2012 жылдың 1 шiлдесінен бастап қолданысқа енгiзiлетiн ережелерін қоспағанда, осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы