О внесении изменений в решение Урджарского районного маслихата от 25 сентября 2012 года № 6-53/V "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Урджарского районного маслихата от 25 сентября 2012 года № 6-53/V "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи"
- Атауы (қаз.)
- "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" Үржар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 6-53/V шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 22-211/V
- Қабылданған күні
- 23.12.2013
- Көрсетілген редакция
- 22.01.2015 76830_694318.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.01.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13VR003168
- ЭКБ идентификаторы
- 76830
- Редакция идентификаторы
- 76830_694318
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:25
0 "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" Үржар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 6-53/V шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40 бабы 2 тармағы 1) тармақшасына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы №1316 қаулысына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1.
«Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» Үржар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 қыркүйектегі №6-53/V шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2699 нөмірімен тіркелген, «Уақыт тынысы» газетінің 2012 жылдың 18 қазанында 90-91 нөмірінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінде:
«Жалпы ережелер» тарауында 2 тармақтың:
4) тармақшасындағы 2 абзац және 5) тармақшасы алынып тасталсын;
«Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі» тарауындағы 5 тармақтың «10) тармақшасы алынып тасталсын.
2 2.
Осы шешімнің 1 тармағының үшінші, төртінші, бесінші абзацтарының 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiлетiнін қоспағанда, осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.