О внесении изменений в решение маслихата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 25 сентября 2012 года № 6/1 "О Правилах оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Мамлютском районе"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 25 сентября 2012 года № 6/1 "О Правилах оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Мамлютском районе"
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының 2012 жылдың 25 қыркүйегіндегі № 6/1 "Мамлют ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасы туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 16/3
- Қабылданған күні
- 28.06.2013
- Көрсетілген редакция
- 17.04.2019 73789_400696.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.04.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13SJ002339
- ЭКБ идентификаторы
- 73789
- Редакция идентификаторы
- 73789_400696
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:52
0 Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының 2012 жылдың 25 қыркүйегіндегі № 6/1 "Мамлют ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасы туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының 2012 жылдың 25 қыркүйегіндегі № 6/1 «Мамлют ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасы туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 1908 болып тіркелген, 2012 жылдың 9 қарашасында «Знамя труда» газетінде, 2012 жылдың 23 қарашасында «Солтүстік жұлдызы» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
нұсқалған шешіммен бекітілген қағидасында:
1-тармақта төртінші бөлік келесі редакцияда жазылсын:
«Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.»;
2-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«2. Тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеу бойынша уәкілетті орган «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) мемлекеттік мекемесі болып анықталды.»;
4-тармақта екінші және үшінші абзацтар алып тасталсын;
5-тармақта бірінші абзац келесі редакцияда жазылсын:
«5. Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн отбасы (азамат) уәкілетті органға өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:».
2 2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
В. Артимович
2013 жыл 28 маусым
«Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданының тұрғын үй
коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар
көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Қ. Әмірин
2013 жыл 28 маусым
«Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданының экономика және
қаржы бөлімі» мемлекеттiк мекемесi
басшысының міндетін атқарушы
А. Яковенко
2013 жыл 28 маусым