О внесении изменения в решение маслихата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 25 сентября 2012 года № 6/1 «О Правилах оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Мамлютском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение маслихата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 25 сентября 2012 года № 6/1 «О Правилах оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Мамлютском районе»
- Атауы (қаз.)
- «Мамлют ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасы туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 6/1 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 43/6
- Қабылданған күні
- 29.06.2015
- Көрсетілген редакция
- 17.04.2019 92287_400700.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.04.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15SJ003330
- ЭКБ идентификаторы
- 92287
- Редакция идентификаторы
- 92287_400700
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:20
0 «Мамлют ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасы туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 6/1 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. «Мамлют ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасы туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 6/1 шешіміне ( «Знамя труда» газетінде 2012 жылдың 9 қарашасында, «Солтүстік жұлдызы» газетінде 2012 жылдың 23 қарашасында жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1908 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Мамлют ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің Қағидаларында:
1-тармақтың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жекешелендірілген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;».
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының
жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы (ЖҚӘББ)
2015 жылғы 29 маусым
В. Артимович
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының
тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар
көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы (ТҮКШ, ЖКАЖБ)
2015 жылғы 29 маусым
Қ. Әмірин
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының
экономика және қаржы бөлімі»
мемлекеттiк мекемесінің басшысы (ЭҚБ)
2015 жылғы 29 маусым
А. Биктимиров