О внесении изменения в решение маслихата от 25 сентября 2012 года № 76 "Об утверждении Правил подготовки и проведения отопительного сезона в Костанайской области"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение маслихата от 25 сентября 2012 года № 76 "Об утверждении Правил подготовки и проведения отопительного сезона в Костанайской области"
- Атауы (қаз.)
- Мәслихаттың 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 76 "Қостанай облысында жылыту маусымына дайындалу және өткізу қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 40
- Қабылданған күні
- 27.06.2016
- Көрсетілген редакция
- 27.06.2016 104860_100872.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.06.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16N0006554
- ЭКБ идентификаторы
- 104860
- Редакция идентификаторы
- 104860_100872
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:35
0 Мәслихаттың 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 76 «Қостанай облысында жылыту маусымына дайындалу және өткізу қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-1) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Қостанай облыстық мәслихатының 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 76 «Қостанай облысында жылыту маусымына дайындалу және өткізу қағидасын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3877 болып тіркелген, 2012 жылғы 24 қарашада «Костанайские новости» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Қостанай облысында жылыту маусымына дайындалу және өткізу қағидаларында:
1-тараудың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«Осы Қостанай облысында жылыту маусымына дайындалу және өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі, «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 желтоқсандағы № 1822 «Электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы» қаулысының, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 211 «Жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10234 болып тіркелген), Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 «Электр энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10403 болып тіркелген), Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 34 «Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10583 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 55 «Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10516 болып тіркелген) негізінде әзірленген және Қостанай облысында жылыту маусымына дайындалу және өткізу тәртібін анықтайды.».
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Қостанай облысы әкімдігінің
энергетика және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық
басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_______________Қ. Қамбаров