О внесении изменений в решение акима Акбулакского сельского округа Чингирлауского района Западно-Казахстанской области от 25 декабря 2012 года № 9 "Об установлении ветеринарного режима карантинной зоны с введением ограничительных мероприятий на территории Акбулакского сельского округа Чингирлауского района Западно-Казахстанской области"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение акима Акбулакского сельского округа Чингирлауского района Западно-Казахстанской области от 25 декабря 2012 года № 9 "Об установлении ветеринарного режима карантинной зоны с введением ограничительных мероприятий на территории Акбулакского сельского округа Чингирлауского района Западно-Казахстанской области"
- Атауы (қаз.)
- Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ селолық округі әкімінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 9 "Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ селолық округінің аумағында шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 2
- Қабылданған күні
- 15.05.2014
- Көрсетілген редакция
- 11.12.2014 AI80159_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.12.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14ZME03534
- ЭКБ идентификаторы
- 80159
- Редакция идентификаторы
- AI80159_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:41
0
Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ селолық округі әкімінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 9 "Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ селолық округінің аумағында шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы", 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарын басшылыққа алып, Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ селолық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ селолық округі әкімінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 9 "Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ селолық округінің аумағында шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3134 тіркелген, 2013 жылғы 12 қаңтардағы "Серпін" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ селолық округінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ селолық округінің аумағында ұсақ малдар арасында бруцеллез ауруы анықталуына байланысты шектеу іс–шаралары белгіленсін.".