О внесении изменения в постановление акимата Тайыншинского района Северо - Казахстанской области от 25 декабря 2012 года № 937 «О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Тайыншинского района Северо - Казахстанской области от 25 декабря 2012 года № 937 «О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка»
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 937 «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 329
- Қабылданған күні
- 12.09.2019
- Көрсетілген редакция
- 25.08.2026 134736_838211.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19SK005567
- ЭКБ идентификаторы
- 134736
- Редакция идентификаторы
- 134736_838211
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 18.09.2026 03:57
0 Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 937 «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 25.08.2026 № 307 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн - өзi басқару туралы» Заңының 31 - бабының 2 - тармағына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi «Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Заңының 3 - бабы 2 - тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы» 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 937 қаулысына (2013 жылғы 08 ақпаннан «Тайынша таңы», 2013 жылғы 08 ақпаннан «Тайыншинские вести» аудандық газеттерінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2099 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 2 - қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу тәртібі
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша
ауданы әкімдігінің 2019 жылдың
«12» қыркүйегіндегі № 329 қаулысына
қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша
ауданы әкімдігінің 2012 жылдың
«25» желтоқсанындағы № 937
қаулысына 2 - қосымша
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды
көтермелеу тәртібі
Осы тәртіп қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін анықтайды.
1. Қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуіне қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссиясымен қарастырылады (одан әрі – Комиссия).
2. Қоғамдық тәртіпті қорғауды белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынысты Комиссияға қарастыру үшін «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Солтүстiк Қазақстан облысы Полиция департаментiнің Тайынша ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – Тайынша ауданының ПБ) енгізіледі.