О внесении изменения в решение районного маслихата от 25 декабря 2013 года № 129 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Мугалжарском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение районного маслихата от 25 декабря 2013 года № 129 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Мугалжарском районе
- Атауы (қаз.)
- Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 129 "Мұғалжар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 153
- Қабылданған күні
- 14.04.2014
- Көрсетілген редакция
- 02.03.2016 79455_154961.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.03.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14CI003868
- ЭКБ идентификаторы
- 79455
- Редакция идентификаторы
- 79455_154961
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:06
0 Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 129 "Мұғалжар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 2 тармағына сәйкес, Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Мұғалжар аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 129 «Мұғалжар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3755 санымен тіркелген, 2014 жылы 13 ақпанында аудандық «Мұғалжар» газетінің № 6 санында жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген шешіммен бекітілген, Мұғалжар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларының 8 тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) онкологиялық аурулардан зардап шегуші азаматтарға, ҚТВ инфекциясын жұқтырғандарға және туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға, ай сайын ұсынылатын медициналық мекемелермен берілген тізімдерге сәйкес, жылына 6 айға дейінгі амбулаториялық ем алу мерзіміне, 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;».