О внесении изменений в постановление акимата Сандыктауского района от 25 декабря 2013 года № А-13/407 "Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования и культуры, работающих в сельской местности"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Сандыктауского района от 25 декабря 2013 года № А-13/407 "Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования и культуры, работающих в сельской местности"
- Атауы (қаз.)
- Сандықтау ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № А-13/407 "Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру және мәдениет саласындағы мамандарының лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- А-3/55
- Қабылданған күні
- 07.03.2014
- Көрсетілген редакция
- 14.01.2016 78568_68597.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.01.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14BP004068
- ЭКБ идентификаторы
- 78568
- Редакция идентификаторы
- 78568_68597
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:33
0 Сандықтау ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № А-13/407 "Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру және мәдениет саласындағы мамандарының лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18-бабының 2)-тармақшасына, 238-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Сандықтау ауданы әкімдігінің «Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру және мәдениет мамандарының лауазымдарының тізбесін анықтау туралы» 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № А-13/407 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3967 тіркелді және «Сандыктауские вести» газетінде 2014 жылғы 24 қаңтарда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
қаулының тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:
«Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы»;
қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі, 1 қосымшаға сәйкес айқындалсын.»;
қаулыға 1-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:
«Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі».