О внесении изменения в постановление акимата Сандыктауского района от 25 декабря 2013 года № А-13/407 "Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Сандыктауского района от 25 декабря 2013 года № А-13/407 "Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности"
- Атауы (қаз.)
- Сандықтау ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № А-13/407 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- А-6/139
- Қабылданған күні
- 13.05.2014
- Көрсетілген редакция
- 14.01.2016 80529_68599.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.01.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14BP004221
- ЭКБ идентификаторы
- 80529
- Редакция идентификаторы
- 80529_68599
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:42
0 Сандықтау ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № А-13/407 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы
2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18 бабының 2) тармақшасына, 238 бабының 3 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Сандықтау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 23/8 «Сандықтау ауданы мәслихатының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 20/2 «Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім және мәдениет мамандарының лауазымдарының тізбесін келісу туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Сандықтау ауданы әкімдігінің «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № А-13/407 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3967 тіркелген, және 2014 жылғы 24 қаңтарда «Сандыктауские вести» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
1 қосымшаның 3 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
мемлекеттік мекеменің, қазыналық кәсіпорынның басшысы;
кітапхана, клуб меңгерушісі;
аккомпаниатор;
әдіскер;
музыкалық жетекші;
көркем жетекші;
хореограф;
кітапханашы;
библиограф;
балетмейстер;
дыбыс режиссері;
мәдени ұйымдастырушы.».