О внесении изменений в решение Бейнеуского районного маслихата от 25 ноября 2013 года № 18/117 «Об утверждении Правил о порядке проведения раздельного схода местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества на территории Боранкульского сельского округа»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Бейнеуского районного маслихата от 25 ноября 2013 года № 18/117 «Об утверждении Правил о порядке проведения раздельного схода местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества на территории Боранкульского сельского округа»
- Атауы (қаз.)
- Бейнеу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қарашадағы № 18/117 «Боранқұл селолық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі туралы қағидаларды бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 14/119
- Қабылданған күні
- 05.07.2017
- Көрсетілген редакция
- 18.08.2023 113941_649030.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.08.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17MC003397
- ЭКБ идентификаторы
- 113941
- Редакция идентификаторы
- 113941_649030
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:33
0 Бейнеу аудандық мәслихатының
2013 жылғы 25 қарашадағы № 18/117 «Боранқұл селолық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі туралы қағидаларды бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарутуралы», 2013 жылғы 21 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес, Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бейнеу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қарашадағы №18/117 «Боранқұл селолық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі туралы қағидаларды бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2325 болып тіркелген, 2014 жылғы 14 қаңтарда «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Боранқұл ауылының аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі туралы қағидаларды бекіту туралы»;
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына және Боранқұл ауылының әкімімен әзірлегенген Боранқұл ауылының аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі туралы қағидаларына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Боранқұл ауылының аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі туралы қағидалары бекітілсін.».
Боранқұл ауылының аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі туралы қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын:
2. «Бейнеу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Б.Түйешиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Боранқұл ауылының әкімі
М.Төреғожин
«5» шілде 2017 жыл
4 Бейнеу аудандық мәслихатының
2017 жылғы 5 шілдедегі №14/119
шешіміне қосымша
Бейнеу аудандық мәслихатының
2013 жылғы 25 қарашадағы №18/117
шешімімен бекітілген
Боранқұл ауылының аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі туралы қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы қағидалар Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында әзірленді және Боранқұл ауылының аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін белгілейді.
2. Боранқұл ауылының аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (одан әрі - Бөлек жиын) Боранқұл ауылының жергілікті қоғамдастығының жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2. Бөлек жиынын өткізудің жалпы қағидаттары
3. Боранқұл ауылының ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға қатысуы ерiктi болып табылады. Азаматты сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мәжбүрлеуге, сондай-ақ оның еркiн бiлдiрудi шектеуге ешкiмнiң де құқығы жоқ.
4. Қазақстан Республикасының азаматының Боранқұл ауылындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің аумағындағы тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркелу дерегі оның бөлек жиынға қатысуына негіз болып табылады.
5. Жергілікті қоғамдастықтың мүшелері бөлек жиынға жеке қатысады және олардың әрқайсысы бір дауысқа ие болады.
6. Бөлек жиынға кәмелетке толмағандар, сот iс-әрекетке қабілетсiз деп таныған, сондай-ақ сот үкiмiмен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар қатыспайды.
3. Бөлек жиынын шақыру және әзірлеу тәртібі
7. Бөлек жиынды Боранқұл ауылының әкiмі шақырады.
Аудан әкiмінің бөлек жиынды өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда оны өткізуге жол беріледі.
8. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиынның шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе Боранқұл ауылында өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
4. Бөлек жиынды өткізу және шешім қабылдау тәртібі
9. Ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді Боранқұл ауылының әкiмі ұйымдастырады.
10. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарды және шақырылғандарды тіркеу жүргізіледі.
11. Бөлек жиын оған тиісті ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындарының кемінде он пайызы қатысқанда өтті деп есептеледі.
12. Бөлек жиынды Боранқұл ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берілген тұлға ашады.
Боранқұл ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамаларын рәсімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.