Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнений в решение Шортандинского районного маслихата от 25 октября 2013 года № С-21/3 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Шортандинском районе»

Ереже · № С-6/3 · қабылданған 04.08.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2013-no-213-ekb-105650/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнений в решение Шортандинского районного маслихата от 25 октября 2013 года № С-21/3 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Шортандинском районе» Күшін жойған Ереже ·№ С-6/3 ·04.08.2016
29.08.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.08.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнений в решение Шортандинского районного маслихата от 25 октября 2013 года № С-21/3 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Шортандинском районе»

Күшін жойған Ереже ·№ С-6/3 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнений в решение Шортандинского районного маслихата от 25 октября 2013 года № С-21/3 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Шортандинском районе»
Атауы (қаз.)
Шортанды аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қазандағы № С-21/3 «Шортанды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
С-6/3
Қабылданған күні
04.08.2016
Көрсетілген редакция
29.08.2019 105650_419111.kaz
Соңғы өзгеріс
29.08.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16BR005504
ЭКБ идентификаторы
105650
Редакция идентификаторы
105650_419111
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:10

0 Шортанды аудандық мәслихатының

2013 жылғы 25 қазандағы № С-21/3
«Шортанды ауданында әлеуметтік
көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін
белгілеудің және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін
айқындаудың қағидаларын бекіту
туралы» шешіміне өзгеріс пен
толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Шортанды аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қазандағы № С-21/3 «Шортанды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3884 тіркелген, 2013 жылдың 30 қарашасында аудандық «Вести» газетінде және 2013 жылдың 30 қарашасында аудандық «Өрлеу» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Шортанды ауданында әлеуметтік көмек
көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
2 тармақтың 9) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
«9) уәкілетті ұйым – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалы – «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» Департаменті Шортанды аудандық бөлімшесі;»;
2 тараудың 8 тармағы «онкологиялық аурулар;» абзацтан кейін келесі мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған тұлғалар;
аз қамтылған, көп балалы, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік жағынан әлсіз тобына жататын, жоғарғы медициналық оқу мекемелерінде оқитын студенттер.»;
2 тараудың 9 тармағының 1) тармақшасы келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған тұлғаларға үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»;
2 тараудың 10 тармағы келесі мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) жоғарғы медициналық оқу мекемелерінде оқитын аз қамтылған, көп балалы, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік жағынан әлсіз тобына жататын студенттерге оқуы үшін бір оқу жылына, жыл сайын, Шортанды ауданында жұмыспен өтеуді ескере отырып, оқу шығындарын жүз пайыз төлеу, төлем оқу мекемесімен жасасқан шарт, аудан әкімімен, Шортанды аудандық орталық ауруханасының бас дәрігерімен және студент арасында жасалған үш жақты келісім шарттың, оқу орнынан берілген анықтаманың, «Шортанды ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қолдаухатының негізінде көрсетіледі.»;
3 тарау келесі мазмұндағы 12-1 тармақпен толықтырылсын:
«12-1. Аз қамтылған, көп балалы, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік жағынан әлсіз тобына жататын жоғарғы медициналық оқу мекемелерінде оқитын студенттер әлеуметтік көмек алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
оқу орнынан шарт;
аудан әкімі, Шортанды аудандық орталық ауруханасының бас дәрігерімен және студент арасында жасалған үш жақты келісім шарты;
оқу орнынан анықтама;
көп балалы отбасының мәртебесін растайтын анықтама немесе өтініш берушінің аз қамтылған, халыққа (отбасыларға) әлеуметтік жағынан әлсіз тобына жататындығын растайтын анықтама;
«Шортанды ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қолдаухаты.».

2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Шортанды ауданының әкімі
«04» тамыз 2016 ж.
Г. Сәдуақасова

Қолданыстағы