О внесении изменения и дополнения в решение Ордабасинского районного маслихата от 25 сентября 2013 года № 21/3 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в решение Ордабасинского районного маслихата от 25 сентября 2013 года № 21/3 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
- Атауы (қаз.)
- «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» Ордабасы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қыркүйектегі №21/3 шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 46/4
- Қабылданған күні
- 27.10.2015
- Көрсетілген редакция
- 22.06.2016 95473_95243.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.06.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15UH003427
- ЭКБ идентификаторы
- 95473
- Редакция идентификаторы
- 95473_95243
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:53
0 «Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындаудың
қағидасын бекіту туралы» Ордабасы аудандық
мәслихатының 2013 жылғы 25 қыркүйектегі
№21/3 шешіміне өзгеріс пен толықтыру
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Ордабасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Ордабасы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қыркүйектегі №21/3 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2385 тіркелген, 2015 жылғы 2 қарашадағы «Ордабасы оттары» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімімен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:
9 тармақтың 5) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«5) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын адамдарға ай сайын 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде және өмірлік қиын жағдайларға ұшыраған аз қамтамасыз етілген отбасыларға бiржолғы 28,9 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;».