Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Шортандинского районного маслихата от 25 октября 2013 года № С-21/3 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Шортандинском районе»

Ереже · № С-31/2 · қабылданған 02.10.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2013-no-213/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Шортандинского районного маслихата от 25 октября 2013 года № С-21/3 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Шортандинском районе» Күшін жойған Ереже ·№ С-31/2 ·02.10.2018
29.08.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.08.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Шортандинского районного маслихата от 25 октября 2013 года № С-21/3 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Шортандинском районе»

Күшін жойған Ереже ·№ С-31/2 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Шортандинского районного маслихата от 25 октября 2013 года № С-21/3 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Шортандинском районе»
Атауы (қаз.)
Шортанды аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қазандағы № С-21/3 «Шортанды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
С-31/2
Қабылданған күні
02.10.2018
Көрсетілген редакция
29.08.2019 125307_419109.kaz
Соңғы өзгеріс
29.08.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18BR006806
ЭКБ идентификаторы
125307
Редакция идентификаторы
125307_419109
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:01

0 Шортанды аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қазандағы № С-21/3 «Шортанды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Шортанды аудандық мәслихатының «Шортанды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 25 қазандағы № С-21/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3884 тіркелген, 2013 жылдың 30 қарашасында аудандық «Вести», «Өрлеу» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Шортанды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
2-тармақтың 9) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«9) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;»;
8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

8 «8. Әлеуметтік көмек алушылар санатының тізбесі:

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне теңестiрiлген адамдар;
жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жөнiнен соғысқа қатысушыларға теңестiрiлген адамдардың басқа да санаттары;
ең төмен және ең төмен зейнетақы мөлшерінен төмен алатын зейнеткерлер;
мүгедектер;
туберкулезбен аурулары;
табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтары (отбасылары);
аз қамтылған азаматтары (отбасылары);
16-жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған тұлғалары;
онкологиялық аурулары;
1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған тұлғалар;
аз қамтылған, көп балалы (отбасылардың), халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын, жоғарғы медициналық оқу мекемелерінде оқитын студенттер.
Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:

1 1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;

2 2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру немесе әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

3 3) ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгіленбейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың бар болуы.

Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жоғарыда бекітілген тізбе негізінде басшылыққа алады.»;
9-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

2 «2) Қарттар күніне орай:

ең төмен және ең төмен зейнетақы мөлшерінен төмен алатын зейнеткерлерге;».

2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Шортанды ауданының әкімі
Г. Сәдуақасова
02. 10. 2018 ж.

Қолданыстағы