О внесении изменений и дополнений в решение Сарысуского районного маслихата от 25 декабря 2013 года № 25-11 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Сарысускому району"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение Сарысуского районного маслихата от 25 декабря 2013 года № 25-11 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Сарысускому району"
- Атауы (қаз.)
- "Сарысу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Сарысу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 25-11 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 26-11
- Қабылданған күні
- 12.03.2014
- Қолданысқа енгізілген күні
- 11.05.2014
- Көрсетілген редакция
- 31.03.2015 78796_272260.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.03.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14GI002156
- ЭКБ идентификаторы
- 78796
- Редакция идентификаторы
- 78796_272260
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:31
0 "Сарысу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Сарысу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 25-11 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 6-бабының 2-3-тармағына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «Сарысу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 25-11 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2102 болып тіркелген, 2014 жылғы 1 ақпандағы № 8-9 аудандық «Сарысу» газетіне жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 1) 9 тармақтағы 1 абзацы алынып тасталсын;
2 2) 9-1 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
9-1. Өтініш бойынша мерзімді (жартыжылдықта 1 рет) әлеуметтік көмек:
-Жоғарғы және арнайы орта оқу орындарында күндізгі оқу нысанының төлемі үшін, сәйкес оқу орнындағы семестрдегі оқуының нақты көлемінде, жалпы білім беретін мектептер бітірушілеріне «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының негізінде көрсетіледі.
Әлеуметтік көмек үшін жалпы білім беретін мектептердің мұқтаж бітірушілері ағымдағы жылдың 20 тамызына дейін уәкілетті органға өтініш береді.