О внесении изменений и дополнения в решение Таласского районного маслихата от 25 декабря 2013 года № 26-6 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Таласскому району»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в решение Таласского районного маслихата от 25 декабря 2013 года № 26-6 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Таласскому району»
- Атауы (қаз.)
- «Талас ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Талас аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы №26-6 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 4-2
- Қабылданған күні
- 31.05.2016
- Қолданысқа енгізілген күні
- 09.07.2016
- Көрсетілген редакция
- 13.05.2019 103641_408311.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.05.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16GJ003114
- ЭКБ идентификаторы
- 103641
- Редакция идентификаторы
- 103641_408311
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:57
0 «Талас ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін
айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Талас аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы №26-6 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына және «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 қаулысына сәйкес, Талас аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «Талас ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Талас аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы №26-6 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2101 болып тіркелген, 2014 жылғы 25 қаңтардағы №5 аудандық «Талас тынысы» газетіне жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Талас ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:
8 тармағының бірінші абзацы «- ең төмен күнкөріс деңгейінің жеті еселік көлемінен аспайтын орташа табысы бар, әлеуметтік мәні бар туберкулез ауруымен ауырып, амбулаториялық жағдайда ем жалғастырушы тұлғаларға 40 000 (қырық мың) теңге әлеуметтік көмек көрсетіледі» деген сөздер «- ең төменгі күнкөріс деңгейінің жеті еселік көлемінен аспайтын орташа табысы бар, әлеуметтік мәні бар ауру – туберкулез бойынша әлеуметтік көмек "Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Талас аудандық туберкулезге қарсы диспансері" коммуналдық мемлекеттiк мекемесінің тізіміне сәйкес диспансерлік есепте тұратын туберкулездің төзімді түрімен ауыратын, амбулаторлық емделуде жүрген адамдарға (отбасыларға) 6 (алты) ай мерзіміне 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі» деген сөздерімен ауыстырылсын;
9 тармағының екінші абзацы «- табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілгенде арнайы комиссия белгілеген 100 айлық есептік көрсеткіш шегінде көрсетіледі» деген сөздер «- ең төменгі күнкөріс деңгейінің жеті еселік көлемінен аспайтын орташа табысы бар, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілгенде арнайы комиссия белгілеген 100 айлық есептік көрсеткіш шегінде көрсетіледі» деген сөздерімен ауыстырылсын.
8 тармағы:
«- көптеген дәрілік заттарға төзімді туберкулезбен ауыратын (IV топ) адамдарға (отбасыларға) амбулаториялық емін алу кезеңінде 12 (он екі) ай мерзіміне, ай сайын, 12372 (он екі мын үш жүз жетпіс екі) теңге көлемінде» сөздермен толықтырылсын.