О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 25 июня 2013 года № 325 "Об утверждении Правил содержания в специально оборудованных помещениях лиц, подвергнутых административному задержанию"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 25 июня 2013 года № 325 "Об утверждении Правил содержания в специально оборудованных помещениях лиц, подвергнутых административному задержанию"
- Атауы (қаз.)
- "Әкімшілік ұстауға тартылған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013 жылғы 25 маусымдағы № 325 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 36
- Қабылданған күні
- 19.05.2015
- Көрсетілген редакция
- 20.02.2024 90965_687332.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.02.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500011398
- ЭКБ идентификаторы
- 90965
- Редакция идентификаторы
- 90965_687332
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:03
0 "Әкімшілік ұстауға тартылған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013 жылғы 25 маусымдағы № 325 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Әкімшілік ұстауға тартылған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013 жылғы 25 маусымдағы № 325 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 16 қаңтардағы Заңы 56-бабының 28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Әкімшілік ұстауға тартылған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013 жылғы 25 маусымдағы № 325 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8582 болып тіркелген, 2013 жылғы 11 қыркүйектегі № 271 (27545) «Казахстанская правда» газетінде және 2013 жылғы 11 қыркүйектегі № 209 (28148) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Әкімшілік ұстауға тартылған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Шекара қызметінің лауазымды тұлғалары әкімшілік ұстауды «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 787-бабының 4), 5) және 12) тармақшаларында көзделген жағдайларда, әкімшілік құқық бұзушылық жасауға күдікті адамның құқыққа қарсы іс-әрекетінің жолын кесу мақсатында қолданады.»;
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Шекара қызметі уәкілетті лауазымды тұлғасының Кодекстің
788-бабында көзделген тәртіпте жасаған әкімшілік ұстау хаттамасы адамдарды арнайы үй-жайларға анықтау үшін негіз болып табылады.
6. Әкімшілік ұстауға тартылған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау мерзімі және оны санау тәртібі Кодекстің 789-бабына сәйкес белгіленеді.»;
8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Кодекстің 788-бабының 2-тармағына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн ұстап алынған адамның өтiнiшi бойынша өзінің қайда екендігі туралы туыстары, жұмыс немесе оқу орнының әкiмшiлiгі, сондай-ақ қорғаушысы дереу хабардар етiледi. Кәмелетке толмаған адамның ұстап алынуы туралы оның ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың хабардар етілуі мiндеттi.
9. Ұсталған адамдар Кодекстің 44-тарауында көзделген тәртіпте әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларына шағым беруі мүмкін.».