О внесении изменения в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 25 июня 2013 года № 325 «Об утверждении Правил содержания в специально оборудованных помещениях лиц, подвергнутых административному задержанию»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 25 июня 2013 года № 325 «Об утверждении Правил содержания в специально оборудованных помещениях лиц, подвергнутых административному задержанию»
- Атауы (қаз.)
- «Әкімшілік ұстауға тартылған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013 жылғы 25 маусымдағы № 325 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 74 қе
- Қабылданған күні
- 16.09.2019
- Көрсетілген редакция
- 20.02.2024 134853_687328.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.02.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1900019408
- ЭКБ идентификаторы
- 134853
- Редакция идентификаторы
- 134853_687328
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:31
0 «Әкімшілік ұстауға тартылған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013 жылғы 25 маусымдағы № 325 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 16 қаңтардағы Заңы 56-бабының 28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Әкімшілік ұстауға тартылған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013 жылғы 25 маусымдағы
№ 325 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8582 болып тіркелген, 2013 жылғы 11 қыркүйекте «Казахстанская правда» № 271 (27545), «Егемен Қазақстан» № 209 (28148) республикалық газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Әкімшілік ұстауға тартылған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау қағидаларында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Кодекстің 788-бабының 2-тармағына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн ұстап алынған адамның өтiнішi бойынша оның қайда екендігі туралы туыстары, жұмыс немесе оқу орнының әкiмшiлiгi, қорғаушысы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шет мемлекеттің елшілігі, консулдығы немесе өзге де өкілдігі дереу хабардар етiледi. Кәмелетке толмаған адамның ұстап алынуы туралы оның ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың хабардар етілуі мiндеттi.».