О внесении изменений в постановление акимата Денисовского района от 25 ноября 2013 года № 351 "Об определении перечня должностей специалистов социального обеспечения, образования, культуры и спорта, работающих в сельской местности"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Денисовского района от 25 ноября 2013 года № 351 "Об определении перечня должностей специалистов социального обеспечения, образования, культуры и спорта, работающих в сельской местности"
- Атауы (қаз.)
- Денисов ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 25 қарашадағы № 351 "Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 41
- Қабылданған күні
- 03.03.2014
- Көрсетілген редакция
- 26.01.2016 78376_49197.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.01.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14NH004526
- ЭКБ идентификаторы
- 78376
- Редакция идентификаторы
- 78376_49197
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:36
0 Денисов ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 25 қарашадағы № 351 "Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, 238-бабының 3-тармағына сәйкес Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Денисов ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 25 қарашадағы № 351 "Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4368 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 16 қаңтарда жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
атауы жаңа редакцияда жазылсын:
"Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы";
1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандары лауазымдарының тiзбесi қосымшаға сәйкес анықталсын.";
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары Е.Н. Поделоға жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Денисов аудандық
мәслихатының хатшысы
___________ А. Мұрзабаев
4 Денисов ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 25 қарашадағы
№ 351 қаулысына қосымша
Денисов ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 3 наурыздағы
№ 41 қаулысына қосымша
Азаматтық қызметші болып табылатын
және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік
қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария
саласындағы мамандары лауазымдарының тізбесі