О внесении изменений в решение Уалихановского районного маслихата от 25 декабря 2013 года № 7-19 с "О предоставлении подъемного Пособия и социальной поддержки для приобретения или строительства жилья специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Уалихановского района в 2014 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Уалихановского районного маслихата от 25 декабря 2013 года № 7-19 с "О предоставлении подъемного Пособия и социальной поддержки для приобретения или строительства жилья специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Уалихановского района в 2014 году
- Атауы (қаз.)
- "2014 жылы Уәлиханов ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы" Уәлиханов аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы N 7-19 с шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 4-22c
- Қабылданған күні
- 08.04.2014
- Көрсетілген редакция
- 10.03.2015 AI79425_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.03.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14SM002691
- ЭКБ идентификаторы
- 79425
- Редакция идентификаторы
- AI79425_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:10
0
"2014 жылы Уәлиханов ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы" Уәлиханов аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы N 7-19 с шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 бабына сәйкес, Уәлиханов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. «2014 жылы Уәлиханов ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы» Уәлиханов аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 7-19 с шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімде 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 2503 тіркелген, 2014 жылғы 3 ақпандағы «Нұрлы Ел» және 2014 жылғы 3 ақпандағы «Қызылту» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің атауы келесі редакцияда жазылсын:
«2014 жылы Уәлиханов ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы»;
1 және 2 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. 2014 жылы Уәлиханов ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін, маман өтінішінде көрсетілген, өтініш берген сәтінде, бірақ бір мың бес жүз еселік айлық есеп көрсеткішінен аспайтын бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
2
2. 2014 жылы Уәлиханов ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, өтініш берген сәтінде жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең соммада әлеуметтік қолдау көтерме жәрдемақы берілсін.».
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Уәлиханов ауданының
ауыл шаруашылығы және
ветеринария бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
8 сәуір 2014 жыл
________________ Н. Иманов