Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнения в решение Бейнеуского районного маслихата от 25 ноября 2013 года №18/120 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Бейнеуском районе»

Ереже · № 7/54 · қабылданған 25.10.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2013-no18120/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнения в решение Бейнеуского районного маслихата от 25 ноября 2013 года №18/120 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Бейнеуском районе» Күшін жойған Ереже ·№ 7/54 ·25.10.2016
30.10.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.10.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнения в решение Бейнеуского районного маслихата от 25 ноября 2013 года №18/120 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Бейнеуском районе»

Күшін жойған Ереже ·№ 7/54 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнения в решение Бейнеуского районного маслихата от 25 ноября 2013 года №18/120 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Бейнеуском районе»
Атауы (қаз.)
Бейнеу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қарашадағы №18/120 «Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс және толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
7/54
Қабылданған күні
25.10.2016
Көрсетілген редакция
30.10.2017 107321_259382.kaz
Соңғы өзгеріс
30.10.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16MC003174
ЭКБ идентификаторы
107321
Редакция идентификаторы
107321_259382
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:26

0 Бейнеу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қарашадағы №18/120 «Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс және толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Бейнеу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қарашадағы №18/120 «Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2318 болып тіркелген, 2013 жылғы 20 желтоқсандағы №51 «Рауан» газетінде жарияланған) келесідей өзгеріс және толықтыру енгізілсін:
Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
9 тармақта 9) тармақша алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 14-1 тармақпен толықтырылсын:
«14-1. Бала кезінен мүгедектерге, ата-анасының екеуі де немесе жалғыз анасы (әкесі) қайтыс болған жетім балаларға және жалғыз ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынсыз қалған балаларға, таңдаған мамандығына шектеу қоймай, Қазақстан Республикасының кез келген жоғарғы оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшін және ай сайын тамақтану және тұру шығындарын ішінара жабатын 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетіледі.».

2 2. «Бейнеу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (Б.Түйешиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешімнің орындалысын бақылау Бейнеу аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі комиссиясына (Р.Тайшыбаев) жүктелсін.

4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Бейнеу аудандық жұмыспен қамту,
әлеуметтік бағдарламалар және
азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Б.Өмірбеков
«25» қазан 2016 жыл
«Бейнеу аудандық экономика
және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
басшысының міндетін атқарушы
Е.Қадіров
«25» қазан 2016 жыл

Қолданыстағы