О внесении изменения и дополнения в решение Железинского районного маслихата от 25 апреля 2014 года № 202-5/27 «Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятых категорий получателей к памятным датам и праздничным дням»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в решение Железинского районного маслихата от 25 апреля 2014 года № 202-5/27 «Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятых категорий получателей к памятным датам и праздничным дням»
- Атауы (қаз.)
- Железинка аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 сәуірдегі «Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы» № 202-5/27 шешіміне өзгеріс және толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 381/6
- Қабылданған күні
- 29.10.2019
- Көрсетілген редакция
- 08.01.2021 135941_505240.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.01.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19PF006601
- ЭКБ идентификаторы
- 135941
- Редакция идентификаторы
- 135941_505240
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:03
0 Железинка аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 сәуірдегі «Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке
күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы» № 202-5/27 шешіміне өзгеріс және толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2 - 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 10-тармағына сәйкес, Железинка аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Железинка аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 сәуірдегі «Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы» № 202-5/27 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3779 болып тіркелген, 2014 жылғы 7 мамырда «Туған өлке», «Родные просторы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс және толықтыру енгізілсін:
1-тармақта:
он үшінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
«Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне (бұдан әрі – ҰОС) 500000 (бес жүз мың) теңге мөлшерінде;»;
келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан тұлғаларға 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде.».
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Железинка аудандық мәслихатының әлеуметтік - экономикалық дамыту және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Павлодар облысының әкімі
_________________ Б. Бакауов
2019 жылғы «4» қараша