Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении дополнения в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 25 июля 2014 года № 246 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление экономики и бюджетного планирования Южно-Казахстанской области»

Қаулы · № 161 · қабылданған 01.06.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/25-2014-no-246-ekb-90518/on/2026-09-16/
Басып шығарылды 2026-09-16 · adilet.kz
О внесении дополнения в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 25 июля 2014 года № 246 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление экономики и бюджетного планирования Южно-Казахстанской области» Күшін жойған Қаулы ·№ 161 ·01.06.2015
22.10.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.10.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнения в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 25 июля 2014 года № 246 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление экономики и бюджетного планирования Южно-Казахстанской области»

Күшін жойған Қаулы ·№ 161 · 16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнения в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 25 июля 2014 года № 246 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление экономики и бюджетного планирования Южно-Казахстанской области»
Атауы (қаз.)
«Оңтүстік Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 шілдедегі № 246 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
161
Қабылданған күні
01.06.2015
Қолданысқа енгізілген күні
21.06.2015
Көрсетілген редакция
22.10.2015 90518_31737.kaz
Соңғы өзгеріс
22.10.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15U0003200
ЭКБ идентификаторы
90518
Редакция идентификаторы
90518_31737
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 14:48

0 «Оңтүстік Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 шілдедегі №246 қаулысына толықтыру енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту және оны түзету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі №394 қаулысына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 шілдедегі №246 «Оңтүстік Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2770-нөмірмен тіркелген, 2014 жылғы 21 тамызда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
«Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері» деген 2-тарауда:
16 тармақ:
мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
«15) субъектілердің мемлекеттiк тiркелiмiнiң жергiлiктi бөлiмiне енгiзiлген мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорын болып табылатын субъектiнiң инвестициялық бағдарламасын (жобасын) табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен бірлесіп бекіту.».

2. «Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын

мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Ә.Садырға жүктелсін.

Б. Оспанов
Б. Жылқышиев
Е.Айтаханов
С. Қаныбеков
Е. Садыр
С. Тұяқбаев
А. Абдуллаев
Р. Исаева

Қолданыстағы