О внесении изменений в решение Шетского районного маслихата от 25 ноября 2014 года № 26/223 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Шетского районного маслихата от 25 ноября 2014 года № 26/223 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
- Атауы (қаз.)
- Шет аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 қарашадағы № 26/223 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 13/157
- Қабылданған күні
- 22.06.2022
- Көрсетілген редакция
- 24.11.2023 169290_670857.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.11.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22KQ028604
- ЭКБ идентификаторы
- 169290
- Редакция идентификаторы
- 169290_670857
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 01:18
0 Шет аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 қарашадағы №26/223
«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шет аудандық мәслихаты ШЕШТI:
1. Шет аудандық мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 25 қарашадағы №26/223 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2892 болып тіркелген) шешіміне, келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
10 – тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«10. Азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіз болып табылатындар:
1) азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне табиғи зілзала немесе өрттің салдарынан зиян келтірілсе;
2) амбулаториялық емделу кезінде, әлеуметтік мәні бар туберкулез ауруы, адамның иммунитет тапшылығы вирусын тасымалдаушы және адамның иммунитет тапшылығы вирусынан пайда болған әлеуметтік мәні бар ауруы болса;
3) өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек азаматтың (отбасының) айлық орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 еселік мөлшерден аспайтын жағдайда ұсынылады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер.»;
11 – тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«11. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері:
осы Қағидалардың 10-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бір рет 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын көрсеткішті құрайды;
осы Қағидалардың 10-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіздер бойынша бір рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын көрсеткішті құрайды.».